Жаны жайсаң ұстаздың ұлағаты

Өнегелі адамдарды ардақтап, олардың қабілеттері мен дарындарын ұрпаққа үлгі етіп отыратын халқымыз «Жаны жайсаң ұстазым» деп көкірегі ояу, рухы биік, жүрегі таза тұлғаларды қашанда қолдап, мерейін арттырып отыруға игі ықпал еткен. Қандай адам болмасын, ұстаздан ілім-білім, тәлім-тәрбие алады. Ұстаз – біздің екінші анамыз. Өз анаңды қалай жақсы көрсең, ұстазыңды да солай құрмет тұту парызың.  «Ұстаз – өз уақытын аямайтын, өзгелерді аялайтын жандар». Ұстаз – болашағы зор шәкірттерді тәрбиелейтін үлкен тұлға.

Осындай жаны жайсаң, көңілі ашық, білім саласында аянбай еңбек етіп, ерекше сымбатымен, білімімен ел мәртебесін асқақтатып жүрген, сүйікті жар, екі ұлдың мейірімді анасы, немерелерінің сүйікті әжесі  «Ана» менен «Ұстаз» деген ең ұлы қос есімнің қасиетін бірге алып жүрген, өз тілін ерекше сүйген жан – Сүйеуова Набат педагогтың есімін ерекше атап айтар едім. Набат Базарханқызы, 1963 жылы туған, “Машина жасау және көлік” кафедрасының аға оқытушысы, «Tехнологиялық машиналар және жабдықтар» магистрі. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі ҚАЗҰУ) “Механика және қолданбалы математика” мамандығы бойынша бітірген, “механик – қолданбалы математик” біліктілігіне ие.

1986 жылы Шахмардан Есенов атындағы университетке арнайы жолдама бойынша жас маман ретінде жіберілді. 2010 жылы «КМТИУ ардагері» төс белгісімен марапатталды. Оның базалық білімі мен жұмыс тәжірибесі жоғары мектеп оқытушысының талаптарына толық сәйкес келеді. Инженерлік механика пәні бойынша дайындаған студенттері республикалық пәндік олимпиадаларда бірнеше мәрте жүлделі орындармен оралды. Білім саласындағы еңбегі лайықта бағасын алуда. ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірнеше мәрте Құрмет грамотасын иеленіп, облыс әкімдігі мен университет ректорының Алғыс хаттарымен марпатталған.

2018 жылы “ВЛКСМ 100 жыл” және “Ақтау-55” мерейтойлық төс белгілері табысталды. Жауапты жұмысының барлық кезеңінде орнықты мінезімен, әріптестерімен сыпайы қарым-қатынасымен және өзінен кішілерге ақыл-кеңесін аямайтын қамқоршылығымен ерекшеленеді. Көріп отырған сүбелі істердің қасында әрі ақылшы бола алатын, әрі көмек бере алатын осындай жанмен қызметтес болғанымды мақтан тұтамын. Жеткен жетістіктері мен бағындырған биігі қаншалықты көп болса да асқақтамай, «Биік таулар, биікпін деп шіренбе!» деген өлең жолындағыдай, үнемі қарапайым қалпын сақтайды.

Қашан көрсең жарқын жүзімен күлімдеп баурап алатын ұлағатты ұстазым міне осындай жайсаң жан. Туған елге, ағайын – туысқа, бірге өскен ауылдастарына, ұжымға деген ықыласы мен махаббаты арқылы бойына адамгершілік пен қатар қайтпас қажыр-қайратты жинаған әріптес апама деген ыстық лебізбен зор алғыс айтып, ерекше ризашылығымды жеткіземін. 

Гүлбану Іздібайқызы ЕСБОЛАЙ, 
Yessenov University аға оқытушысы,
магистр,
Маңғыстау облысының Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий