Топжарған таланттардың тартуы
“Дарынды балалар – еліміздің интеллектуалдылық элитасын қалыптастыратын ұлттық құндылық”, – деп Тұңғыш Президетіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айрықша атап айтқандай дарынды оқушыларымыздың саны уақыт ұзаған сайын артып келеді.

Психологтар, тәжірибелі пән мұғалімдері дарынды балаларды барынша толық түрде анықтап алу үшін әртүрлі ынталандыру оқыту түрлерін ұйымдастыру үстінде. Бұл әлеуметтік ортасында өз қабілеттерін дамыта алмаған балалардың күш-жігерін бағалауға мүмкіндік береді. Баланың бойындағы талабының ұшталуы ата-аналар мен мектептің үздіксіз еңбегінің жемісі. Қабілеттің ерекшелігі ең алдымен қызығушылық бағдарға байланысты. Көбісі тарихқа құмар, екіншісі – математикаға.
Енді біреуі қоғамдық жұмыстарға, лидер болуда өз дарындылығын іске қосып, оны нақты іс-әрекетте кейін дамыта түседі. Дарынды оқушылардың шеберлігін шыңдауда факультатив сабақтар, алуан түрлі үйірмелер, мектеп оқушыларының пәндік олимпиадалары, балалардың көркем өнерлерінің байқауларын ұйымдастырудың маңызы зор. Ата-аналардың бала дарындылығына әсері ерекше. Бұл фактор – бала мүмкіндіктерін іске асыруға әсер ететін негізділердің бірі болып табылмақ.

Таланттарын дамыту үшін дарынды балалар өз уақытын еркін жұмсап, кеңейтілген оқу жоспарымен оқытылу керек. Бала өз мұғалімі жағынан назар аудару мен индивидуалды қолдау көрсетуді сезуі қажет. Бұл жерде нені емес, қалай оқыту маңызды болып табылады. Дарынды баланың айтылған ойлар мен болжамдарды талдай алу мүмкіндіктері, табиғи талдамалық және сыншыл ой-тұжырымның дамуы заңды құбылыс. Біздің білім ордасындағы дарынды балаларды әр саладан байқауға болады.
Жас суретшілер ретінде 9-сынып оқушысы А.Тұрсынбайды, 8-сынып оқушысы Н.Толқынқызын, 7-сынып оқушысы Н.Нұртілеуді айтуға болады (жетекшісі А.Ахмет). Жас спортшылардың санатында 3-сынып оқушысы Н.Нұртілеуді, 5-сынып оқушысы Ә.Богданды, 6-сынып оқушысы А.Армияны, 8-сынып оқушысы М.Қаниятты, 10-сынып оқушысы Е.Оразханды мақтан тұтамыз (жетекшісі Е.Мухамадьяров). Ұлттық аспап домбырада ойнайтын дарынды күйшілеріміз де бар.

Олар 4-сынып оқушысы Ш.Өмірзақ, 7-сынып оқушысы І.Шаяхмет, 8-сынып оқушысы Т.Мусабек (жетекшісі Г.Закенова). Жас ғалым атанған, аудандық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының бірінші орын жүлдегері, облыстық байқауда үшінші қатардан көрінген 8-сынып оқушысы А.Шаяхмет (жетекшісі математика пәні мұғалімі Г.Мухамадьярова). Жыл сайын мектепішілік пән олимпиадалары өткізіліп, дараланып шыққан оқушылар аудандыққа жолдама алады. Осы орайда мектебімізден 11 оқушы қатысып, аудандық кезеңде сегіз оқушы жүлделі орындармен марапатталуы арқылы 73 пайыздық білім сапасын көсетті.
Облыстық пән олимпиадасына жолдама алған 10-сынып оқушысы Н.Өмірзақ (жетекшісі Д.Жакенова). Аудандық пән мұғалімдерінің елеулі еңбектерінің жемісіндей жүлдемен оралған шәкірттерді атасақ 9-сынып оқушысы Н.Тойлыбек (математика) жетекшісі Г.Мухамадьярова, 2-орын жүлдегерлері 9-сынып оқушылары Қ.Оралбекқызы (қазақ тілі) жетекшісі Қ.Дармишева, Б.Саттыбай (информатика) жетекшісі М.Сейтбаев және Қ.Оралбекқызы (өзін-өзі тану) жетекшісі Г.Абишева.

Үшінші орын жеңімпаздары 9-сынып оқушылары А.Тұрсынбай (география) жетекшісі К.Айтикенова, 10-сынып оқушылары Ұ.Есбосын (құқық) жетекшісі Қ.Сулейменова және Д.Қайратбекқызы (ағылшын тілі) жетекшісі Г.Джумагельдиева. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей дарындылардың даралануына жайлы жағдай жасау мәртебелі міндетіміз.
Гүлнар МУХАМАДЬЯРОВА,
Жетісу орта мектебінің математика
пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші,
ЖП ӘБ жетекшісі, Алматы облысының
Сарқан ауданы