Қашықтан оқыту – заман талабы

Қазіргі уақыттағы бүкіл әлемде ушығып тұрған эпидемиялық төтенше жағдайға байланысты қашықтан оқыту мәселесіне көшуге тура келді. Мұғалім мен оқушы енді алшақ отырып, яғни қашықтан жұмыс жасап отыр. Қашықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу.

Қашықтан оқыту технологиясы – оқу үрдісі кезінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді  қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын білімді қабылдау түрі болып табылады.

Қашықтан оқыту технологиясын қолдана отырып білім берудің мақсаты: сапалы білім беру қызметін алуда азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту; олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің тағы басқа себептеріне қарамастан қамтамасыз ету. Сонымен, қашықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қашықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл. Синхрондық өзара іс-қимыл оқушы мен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін қашықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Асинхрондық өзара іс-қимыл оқушы мен  оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе теле конференциялардың көмегімен электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.

Оқытушының кеңесі (синхрондық немесе асинхрондық) – қашықтан оқытуды орындаудың міндетті шарттары. Қорыта айтқанда, қашықтан оқыту қазіргі заман талабы болса, оны ұйымдастыруда ең бастысы электрондық материалдар, қашықтан оқытудың дидактикалық жасалымы, педагог үйлестірушілерді дайындау болып табылады. Бұл біліктілігі жоғары, зияткерлік және кәсіби деңгейі дамыған, халықаралық дәрежедегі бәсекеге төзімді қоғам құруға зор көмегін тигізеді.

Айгул  Нурлановна ИМАНГАЛИЕВА,
№4 Шұбарқұдық мектебінің директоры,
қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі,
Ақтөбе облысының Темір ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий