Ақерке Нұрахметова EGMO-да еліміздің намысын қорғайды 

NIS мектебі тарихында алғаш рет Алматы ФМБ NIS оқушысы Ақерке Нұрахметова қыздарға арналған Еуропалық математикалық Олимпиадада (EGMO) Қазақстанның намысын қорғамақ, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

EGMO – бұл мектеп жасындағы қыздарға арналған жыл сайын өтетін халықаралық жарыс. Олимпиада тарихы 2012 жылдан басталады. Десе де, қысқа уақыт ішінде үлкен танымалдылыққа ие болды. Сайысқа АҚШ, Жапония, Үндістан, Иран, Мексика, Индонезия және өзге де Еуропа елдерінің дарынды оқушылары қатысады.  

Қызықты факт. Қазақстан бұл олимпиадаға 2017 жылдан бері қатысып келеді және үш жыл ішінде еліміз 2 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды. Ақерке Нұрахметованы іріктеу кезеңінен сәтті өткенімен құттықтай отырып, ел намысын қорғайтын зияткерге сәттілік тілейміз!  

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий