QS аймақтық директоры Сергей Христолюбов: ЕҰУ QS әлемдік пәндік рейтингісінде айтарлықтай өсім көрсетті

QS World University Ranking by Subject халықаралық пәндік рейтингісінде Еуразия ұлттық университетінің оң өсу динамикасын Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі QS компаниясының өңірлік директоры Сергей Христолюбов биылғы наурыз айының 9ы күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болған кезінде айтты, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Сергей Христолюбовтың айтуынша, ЕҰУ-дің бірден 3 пән және бір пәндік саласы QS жаңа пәндік рейтингіне енді. Саралау нәтижелері бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің үш пәні атап өтілді – «Лингвистика», «Физика және астрономия», «Экономика және эконометрика» және «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» пәндерінің бір саласы.

Атап өтерлігі алғаш рет «Экономика және эконометрика» пәні аталып отыр, ол әлемнің 1,370 ЖОО арасында топ 451-500-ге кірсе, 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Лингвистика» пәні әлемнің 1,059 жоғары оқуорындарының арасында топ 251-300-ге енді. Ал «Физика және астрономия» пәні үшінші жыл қатарынан әлемнің 1,439 ЖОО арасында топ 551-600 позициясын сақтап келеді.

 «Өнер және гуманитарлық ғылымдар»пәні мен «Экономика және эконометрика» пәні бойынша үздік көрсеткіш «Академиялық сарапшылар арасындағы бедел» болып табылады. Бұл халықаралық білім беру кеңістігінде танылу мен танымалдықты көрсетеді. Екі пән үшін де дәл осы өлшем ең маңызды болып саналады және «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» үшін 60%, «Экономика және эконометрика» үшін қырық пайызды құрайды.

«Лингвистика», «Физика және астрономия» пәндері бойынша үздік көрсеткіш «Жұмыс берушілер арасындағы бедел» критерийіне ие. ЕҰУ профессор-оқытушылар құрамымен кездесу барысында QS компаниясының өңірлік директоры биылғы жылы пәндік рейтингте ерекше көзге түскен факультет декандарын марапаттады.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий