Инклюзивті білім беруді қолдау күшейіп келеді

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Инклюзивті (франсц. Inclusive – лат. Include) – жалпы білім беретін мектептерде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту процесін сипаттау үшін қолданылатын термин.

Бұл барлық балалар олардың дене, психикалық, зияткерлік және басқа да ерекшеліктеріне қарамасатан жалпы білім беру жүйесіне енгізілген оқыту және тәрбиелеу процесі. Инклюзивті білім берудің негізіне балалардың кез келген кемсітуін болдырмайтын идеология алынған – барлық адамдарға тән қатынас қамтамасыз етіледі, бірақ ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін ерекше жағдайлар жасалады. Инклюзивті білім беру» әртүрлі жастағы балаларды жалпы білім беру жүйесіне кірістіру Қазақстанда да кеңінен таралып отыр. 

Былтыр тәуелсіздік мерекесі қарсаңында біздің білім ордасында Нұрсұлтан Назарбаев қорының «Қамқорлық» инклюзияны қолдау кабинеті ашылып, ерекше балалар білім алуда. Ол балалар ПМПК-ның қорытындысы арқылы қабылданып, педагог-ассистент (тьютор) көмегіне жүгініп, сабақ барысында да, жеке (қосымша) жұмыстар да жүргізілуде.  Әр оқушының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен, әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі. Десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.

Инклюзивті қолдау кабинетінің мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың тиімді моделін құрып, сондай-ақ ата-аналар мен мұғалімдерге оқыту мен тәрбиелеу әдістерін таңдауда көмектесу. Инклюзивті қолдау кабинетінде қазіргі таңда «Балама» орталығынан, «Қамқорлық» қоры қолдауымен арнайы курстан өткен бір әдіскер, 10 педагог-ассистент, психолог, дефектолог, логопед мамандары жұмыс жасауда. Он оқушы педагог – ассистенттің көмегіне жүгініп, 3 бала маман көмектеріне жүгінуде.

Ұйымдастырылғанына аз уақыт болса да, педагогтардың қолдауымен оқушылардың жеткен нәтижелері айтарлықтай бар, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «Жыл мезгілдері» атты ІV Республикалық байқауына қатысып І дәрежелі диплом Ибрагимова Мелек, ІІ дәрежелі диплом Бердалы Ернұр, ІІІ дәрежелі диплом Қайрат Айару марапатталса, Мамбет Ади «Сова» халықаралық зияткерлік білім орталығы «Қиял – ғажайып тіршілік иелері мен динозаврлар» атты ХҮ халықаралық суреттер, ашықхаттар , қолөнерлер, фотосуреттер, бейнороликтер байқауына қатысуы барысында бірінші дәрежелі дипломды иеленді.

«Инклюзивті Қоғам-2020» атты І халықаралық білім және шығармашылық байқауының «Ғылыми – зерттеу жобалар байқау» тақырыбы бойынша Сайлаубек Алинұр І орын, «Бейнелеу өнері» тақырыбында Бульдешев Бекзат  ІІ орын алды. «Алғыс айту» күні қарсаңында «Қамқорлық» Қоры директоры Дариға Назарбаева және облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кабинетімізге келіп, балалармен танысып, топтық жұмыстарына қатысып, кабинетіміздің «Ойын ойнау», «Жеке сабақтар өткізу», «Топтық жұмыстар», «Педагогтар жұмыс жасау»  аймақтарын  аралап, жеткен жетістіктерімізді көріп, балалардың өз қолымен жасаған ашық хаттарын алып, өз ризашылықтарын білдірді. Келешек ұрпағымызға сапалы білім, саналы тәрбие беру біздің басты міндетіміз.  

Салтанат ЖАНҰЗАҚОВА,
№9 орта мектебінің директоры
Жамбыл облысының Тараз қаласы
                                   

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий