Шетел тілін оқытуда коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру

Тіл – қатынас құралы. Тіл – халық рухы. Осынау үш әріптен тұратын құдірет бүкіл әлемді бір- бірімен тығыз қарым – қатынаста байланыстыра алады. Ұлтаралық қатынастардың негізгі дәнекершісі де – тіл. Демек, ана тілімізден басқа тілді үйрену арқылы біз сол елдің тілін, дінін, жерін, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт дәстүрін біле аламыз және қарым -қатынас жасау арқылы ел эканомикасын, әлеуметтік жағдайымызды да жақсартуға болады.

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты барша отандастарымызған арнаған кезекті Жолдауында «тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды, үш тілді еркін меңгеруді алға мақсат етті. Соның бірі, шетел тілі, анығырақ айтқанда ағылшын тілі. Шетел тілін оқыту бала бақшадан басталып, жоғары оқу орнына дейін міндеттеліп отыр. Сондықтан қоғамда талап етілетін мемлекеттік және шетел тілін оқытуда алдымен коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру қажет.

Коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру – тілдік білімді жетілдірумен қатар сөйлеу дағдысын да арттырады. Тұлғаның сөздік қоры көбейіп, тіл нормаларын меңгеру сапасы жоғарылайды. Мысалы, бала бақшада ұйымдастырылатын мерекелік кештерде шетел тілінде өлең оқытып, ән үйрету баланың шетел тілін тез меңгеруіне себебін тигізеді және басқа тілді үйренуге деген қызығушылығы артады. Ал мектеп жасындағы оқушылармен және жоғары оқу орнында студенттермен өткізілетін кіші ғылыми жарыстар, олимпиадалар, онкүндіктер, дебаттар, сыныптан тыс ұйымдастырылатын драмалық үйірмелер шетел тілін оқытуда коммуникативтік құзіреттілікті қалаптастырудың бірден-бір дәлелі болмақ.  

Білім алушылар белгілі бір тақырып бойынша баяндама жасау, ғылыми жоба қорғау арқылы өз ойларын айтып, айқын дәлелдеп, сұраққа жауап беруге дағдыланады. Олардың шетел тілін меңгеруде коммуникативтік құзіреттілігі қалыптасады. Білім алушыларға білім беруде, шетел тілін үйретуде оқушылардың бойында коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыруда шетел тілі пәні мұғалімдерінің алатын орны орасан зор. Шетел тілін оқытуда шығармашыл, зерттеуші, білім берудің жаңа технологияларын меңгерген, оқытуда коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыра алатын мамандар арасында  облыстық білім беруді дамыту оқу – әдістемелік орталығы кәсіби байқаулар ұйымдастырып отырады.

2020-2021 оқу жылында өткізілген «Үздік шетел тілі сабағы» байқауы, «Педагогикалық дебют»,  «Педагогикалық  идеялар фестивалі»  облыстық байқауларды атап айтуға болады. Аталған байқауларда өзінің іскерлігімен, жаңашылдығымен көзге көрінген ұстаздар жүлделі орындарға ие болды. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін қашықтан  ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету мақсатында вебинарлар өткізіліп отырады.

«Тілдік құзыреттілік – функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың негізі», «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда белсенді әдістердің рөлі», «Шетел тілін қашықтықтан оқытуда коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру жолдары», «Шетел тілі пәні бойынша ғылыми жоба жұмыстарын дайындау ерекшеліктері», «Шетел  тілін қашықтықтан оқытуда  сабақтан  тыс  қызметті  модельдеудің  негізгі тәсілдері» атты вебинарлар. Осы вебинарларда өздерінің іс- тәжірибесімен бөліскен ұстаздар шетел тілін оқытуда коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыру жолдарының қыр – сырын көрсете білді.

Шетел тілін меңгеру еліміздің дамуына да әсерін тигізетін өзара байланыстың негізгі құралы десек те болады. Кейінгі ұрпақтың көптілді тұлға болып өсуі, жаһандану үдерісінен туындап отырған заман талабы. Қазіргі таңда педагогика ғылымының басты мақсаты тек білім беру ғана емес, сондай-ақ біліктілігін өз бетінше жетілдіре алатын, шетел тіліндегі ақпараттық ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және тиімді пайдаланатын, оқытуда коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыра алатын мамандардың болуы. Коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі

Ахмет Байтұрсынұлы: «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» дегендей, мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы айтылып кеткен құзіреттілік арқылы айқындалады. Жаһандану заманында өмірде өз орнын таба алатын тұлға тәрбиелеуде шетел тілін оқытуда коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыра білейік құрметті ұстаздар.

Ердос Ғайниұлы БАЙМЫРЗАЕВ,
Алматы облыстық білім  беруді дамыту
оқу әдістемелік
орталығының ағылшын
тілі пәні 
бойынша жауапты әдіскері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий