Инженерлік графиканың тарихы, өтудегі жаңа ақпараттық технология
Білім жолы қиын да қасиетті жол. Бұл жолда тынымсыз еңбектеніп, ізденуден жалықпайтын жандар ғана нәтижелі табыстарға жетуде. Заманымызға сай кәзіргі қоғамды ақпараттандыруда білімді ұстаздардан білім алған мыңдаған шәкірттер, қанаттары қатайып, еліміздің түкпір – түкпірінде білдей маман иесі болатыны сөзсіз. ҚР “Білім туралы” заңында: – Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек”, – деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады.

Сондықтан кез-келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде еңгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдың бірі – бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын «Активті экран» болып табылады. Тәуелсіз еліміз зайырлы мемлекет. Демократиялық даму жолына түскен тәуелсіз Қазақстанға отыз жыл. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып, отандық білім беруді әлемдік деңгейге көтеру әрекеттері жасалуда.
“ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелуі сөзсіз”, – делінген Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында. Сапалы білім беру тікелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалімнің кәсіби деңгейін, біліктілігін арттыру, әдістемелік шеберлігін жетілдіру басты назарда болуы тиіс. Дамыған тұлғаны сомдау үшін, білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйемен оқыту үрдісін – технологияландырудың заман талабы екенін, технологияландыру үрдісінің мән мағынасын ажырату қажеттілігін, интерактивті әдіс – тәсілдерді қолданудың пәрменді жолдарын оңтайлы зерделеуі, түсінуі қажет.
Мамандар дайындауда инженерлік графика пəнінің маңызы үлкен. Көбіне студенттер сызба геометриясы секілді инженерлік оқу құралдарын оқығанда, алдымен тақырыпты суретіне қарап түсінеді. Сызбаны сызу жолдары дүние жүзіндегі елдердің барлығына бірдей ортақ болғандықтан, мектеп қабырғасында өтетін сызу пəні халықаралық, интернационалдық техника тілі болып табылады. Себебі, сызбаны орындау кезінде үлгі қалып (стандарт) бойынша белгілі тоғыз сызық түрі қолданылады.
Француздың атақты ғалымы жəне мемлекет қайраткері Гаспар Монж (1746 – 1818) өзіне дейінгі кескіндерді салу туралы мағлұматтарды жинақтап, белгілі бір жүйеге келтіре отырып, алғаш рет 1795 жылы «Сызба геометрия»атты еңбегін жазып шықты. Міне, осы уақыттан бастап сызба геометрия жеке ғылым ретінде қалыптаса бастады. Жоғарыда айтып кеткендей, егер сызбатехника тілі болса, онда сызба геометрия осы тілдің грамматикасы болып табылады. Біздің дəуірімізге дейін өмір сүрген Эсхилдің (б. д. д. 525 – 456 ж. ж.), Анаксагордың (б. д. д. 500 – 428 ж. ж.), Демокриттің (б. д. д. 460 – 380 ж. ж.), Евклидтың (б. д. д. III ғасыр) жəне Витрувийдің (б. д. д. I ғасыр) еңбектерінде сызба геометрия негіздері болған.
Бұл саланың ғылым ретінде қалыптасуына орта ғасырда өмір сүрген бабаларымыз əл – Хорезми (780 – 850), əл – Фараби (870 – 950), əл – Бируни (973 – 1050), Насредин Тусидің еңбектерімен зерттеулері ұшан теңіз. Қайта өрлеу заманында өмір сүрген Леонардодо Винчидің (1455 – 1519), Декарттың (1596 – 1650) жəне Дезаргтың (1593 – 1662) жасаған теориялары сызба геометрияның жеке ғылым болып жетілуіне себепкер болған. Сызба геометрия пəні сызбаны қалай оңай жəне түсінікті салуға, сызбаны сызудың əдістері, сызбаны қалай оқуға, сызба əдістерін пайдалана отырып, қандай есептер шығаруға болатыны сияқты тағы да басқа секілді сұрақтар мен мəселелердің шешілу жолдарын қарастырады.
Сонымен қатар, сызба геометрия сызбаны салу мен ол туралы білімді жəне сызбалардың көмегімен инженерлік есептерді шешу теориясын меңгертетін пəн болып саналады. Сызба геометрия төмендегідей бөлімдерден тұрады: проекциялау əдіс тері; аксонометриялық проекциялар; нүкте мен түзу сызық проекциялары; қисықсызық пен жазықтық проекциялары; беттер проекциялары; тұрғылықты (позициялық) жəне өлшем (метрикалық) есептері; сызбаны түрлендіру тəсілдері; көлеңкелер.
Осы бөлімдерді толық меңгерген студент өзінің ойлау қабілетін өрістете отырып, кеңістікте орналасқан нəрселердің кескіндерін салу, сызбадағы кескіндер арқылы жаңа бір нəрсені құрастыру жəне сызбадағы түрлі есептерді шығару мəселелерінен мол мағлұмат алады. Қазіргі инженерлік графика пəні – жоғарыда аталған сызба геометрия пəнімен машина жасау және құрылыс сызбаларының теорияларын зерттейтін ғылым. Инженерлік графика теорияларының жетістіктері техника мен ғылымның əртүрлі салаларында кеңінен қолданылуда.
Сондықтан жер жұмыстарының сызбаларын сауатты орындау, инженерлік ғимараттарды жобалау және тұрғызу үшін, жер бетінде салынатын аса қажетті ғимараттарды сызбамен кескіндеу теориясының негіздерін инженер осы инженерлік графика теориясы арқылы біліп үйренеді. Соңғы жылдары ғылыми-техникалық прогрестің жедел қарқынмен дамуына байланысты «Инженерлік графика» пəнінің қоғамдағы алатын ролі артты. Оның əмбебап жəне арнайы графикалық əдістерді автоматты жобалау жүйесіне жəне оны жобалауда кеңінен қолданыс табуда.
Жалпы білім беру жүйесінде сызуды оқыту пəні инженерлік пəндердің негізі болып саналады. Алдағы тұрған еңбек педагогикалық қызметіне студенттерді дайындауда инженерлік графиканың ролін ескере отырып, сызу элементтерін жетілдіруге мүмкіндік туғызатын жаңа бағдарламаның мазмұнына тиісті түзетулер кіргізілді. Инженерлік графиканы меңгеру жəне əр түрлі машықтық сызбаларды шеше білуге үйрету жалпы білім беру жүйесінде технология жəне сызу мұғалімдеріне əдістемелік көмек беру қажетті алғышарт болып табылады.
Инженерлік графика пәнін қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен студентердің қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те айтуға болады. Дәріс материалын презентация немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамында кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады.
Түсіндіру барысында оқытушы тақтаның алдында тұрып, обьекттерді көрсетіп және өзгерте алады. Дәрістің соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Инженерлік графикамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады. Инженерлік графикада қолданылатын бағдарламаларға: (Autocad. Invertor. Compas) жатады.
Даулет Алимханович БАЙМЕНОВ,
Кентау көпсалалы колледжі информатика
пәнінің оқытушысы, магистр, Түркістан
облысының Кентау қаласы