Ұрпаққа өнеге – батыр тәрбиесі

Тілеулі Әбдірахманұлы (1690-1760 ж.ж.) Торғай өлкесінде туған. Қазақ халқының даңқты батыры. Тілеулі атамыз 1710 жылы Қарақұм маңы жиынында Ұзын қыпшақ Тілеулі батыр атанған. Таңбасы Қос II-әліп Орта жүз. Жоңғар шапқыншылығына қарсы соғысқа басынан аяғына дейін қатысқан. 1727 жылғы Бұлантыдағы ұлы Жеңістің хас батырларының бірі Тілеулі батыр десек, бұл артық айтқандық емес. Әрине, бұл деректі әлі де зерттеп зерделеу қажет.

Ақын, журналист Жүрсін Ерманның мына бір пікіріне тоқталсақ: «Қазақтардың шығыс және түстік аймақтарын жоңғар басқыншыларының басып алғаны, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардың қолы жеңіліс тауып, батысқа қарай ойысқаны шындық. Жаппай жаулап келе жатқан жаудың бетін қайтару, оңтайлы тұста оңдырмай соққы беру мақсатында қазақтың аузы дуалы билері мен атақты батырларының Қарақұм мен Шұбар теңізде бас қосып, алдағы соғыстың жоспарын жасауы да тарихи ақиқат. Олай болса, бұл жолғы жекпе-жектің жолын ежелден жауынгер атанған қыпшақтың хас батыры Тілеулі батыр бастап щықты.

Жекпе-жекте қалмақ батырын найзамен түйреп өлтірген. Осы шайқасты жеңіспен аяқтауында аты алты Алашқа мәлім болды. Шақшақ Жәнібек, Тама Есет батырларымен жорықтас болған, оның есімі қазақтың қол бастаған Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Саурық, Тайлақ сияқты батырларымен қатар аталады. Тілеулі батыр ержүрек  баһадүр ғана емес, ол елдің ішкі-сыртқы қарым-қатынас, байланысына қатысты  шараларға да араласқан, көрікпел әулие адам. Ұзын Қыпшақ Тілеулі батыр – Қазақ хандығының дәуірлеуіне, оның саяси-территориялық тұтастығының сақталуына, Орынбор қаласында тарихтан аты мәлім Нияз би, Әбдіғапар әмір Тілеулі батырдың ұрпақтары.

Орта жүз рулары 1738 жылы Ресейдің қол астына кіргенін растап, құжатқа 56 адам қол қояды. Осы антқа қырық бесінші болып Шақшақ Жәнібек тархан, қырық алтыншы болып Ұзын қыпшақ атынан Тілеулі батыр Қос II-әліп таңбасын басады. Азаттық жолындағы күресте (сыртқы жау шапқыншылығынан) қазақ қолының үстем болуына, толайым жетістіктерге қол жеткізуіне үлес қосқан, сол жолға басын тіккен даңқты тарихи тұлғалардың бірі».

Тілеулі атамыз 1710 жылы Қарақұм маңында өтілген жиынында Ұзын қыпшақ Тілеулі батыр атанған. Жоңғар шапқыншылығына  қарсы соғысқа басынан аяғына дейін қатысқан. Абылай ханның көп батырларының ішінде ақылды, айлалы, қамал бұзған батырларының бірі болды. Қалмақ-қырғыз, қоқан-бұхар хаңдықтарымен жауласып жүрген. Ол замаңда олжаға түскен  сұлу қыз-келіншектердің ішінен бірнешеуін өзіне әйелдікке алады.

Алған тоғыз әйелдерін жер қайысқан төрт түлігімен, хан билік заңды құжаттарымен шұрайлы жерлерге, қазіргі Жезқазған төсінен, Сарыарқадан Қараөткел мен Есіл даласына, Торғай өңірінде қазіргі Амангелді ауданы (Батпаққараға), Күлік, Қайынды, Жыланшық, Қарғалы, Қайдауыл, Қараторғай өзендері бойындағы жерлеріне заңды орналастырып, ата-баба дәстүрімен тәрбиелеп қарайласқан.  Өскен ұрпақтарын, ұлдарын ту ұстап, найза көтеріп, елін жерін қорғауға тәрбиелеп, әскер санын көбейтуге ат салысқан. Ұзын қыпшақ Тілеулі батыр  «Шежіресінде» алған тоғыз әйелдің екеуі қазақ қызы, қалғандары басқа қалмақ, қырғыз, түркімен қыздары болған.

Қазірде ұрпақтары қолындағы шежіреде 22 ру бар. Осы рулардың саны қазірде оң мыңға жеткен. Өзі өлсе де ұрпағы мәңгі мың жасасын деген қазақ атамның киелі сөзі, атамыздың бойына тәрбие болып сіңгендей. Ел аузынан алынған тарихи оқиға: Тілеулі батыр ішкі территориялық тұтастығының сақталуына, Абылай хандық құрған заманда, Абылай ханның қол бастаған ержүрек батырларының бірі болып саналыпты деп, айтып отырушы еді.

Бірде Абылай хан өзінің бас уәзірінен: «Осы менің батырларымның ішінен ең батыры, ең ақылдысы кім?» – деп сұрағанда, уәзірі тұрып былай айтқан екен дейді: «Батырларыңның ішіндегі ең батыры, ең ақылдысы, жауға шыққанда айлалы әдісқой, жаудан жүрегі тайсалмайтыны Әбдірахманұлы Тілеулі ғой. Тек, шіркіннің жан ашыр жақыны жоқ жалғыз ғой!». Бұл сөзді кейін Тілеулі естіп, Абылай ханға келіп: «Мен жалғыз емеспін. Менің кіші жүз Табылдықара батырдың қарамағында жаужүрек Бегімбет деген інім бар. Сол інімді алып келуге рұқсат бер» – дейді.

Абылай Тілеулінің тілегін қабыл етіп жанына жүз жігіт ертіп, інісі Сатыбалдыұлы Бегімбетті алып келуге жібереді. Тілеулі атамыз апта жүріп, кіші жүз Табылдықараға келіп, інісі Бегімбетті мал-жанымен алып көшіріп әкеліп, Абылай ханның ордасының оң жағынан қондырады. Кейін ірі қан төгіс жорықтарда Бегімбет екеуі қазақ жеңісі аяқталуымен бірге болып, Абылай хан көп батырларымен қалың қазақ халқың қазіргі Қазақстан жеріне қоңыстандырғанда, Тілеулі батыр ішкі территориялық тұтастығын сақтап, ата-баба жерлеріне өзі басшылық жасап, Бегімбет аталарымызды Сарыарқадан әкелгенде, Ұзын қыпшақ руларымен бірге ірілі-уақты қыпшақ рулары болды.

Қотыран ұрпақтарымен Қарабалық, Майбасар, Елшібек, Тоқпан, Жарбасты, Бердікей, Есенғұл, Лақ, Алтыбас, Шоқанай, Ажықыбай, Жылаңшық, Жетіқыз, Қарғалы, Қайдауыл өзендері бойы Ұлытау, Кішітау аймағындағы шұрайлы жерлерді қоңыстайды. Қараторғай болысына: Бекбауылдың бес баласы – Шыли, Шора, Берді, Елке, Жолдыбек, Сары рулары болды. Торғай, Жылаңшық, Жетіқыз, Қарғалы, Қайдауыл өзендері бойы аймағындағы шұрайлы жерлерді берді. Шапқыншылық кезінде өз қасынан табылған сарбаздарына мызғымас мәңгі қоңыстарына жайғастырды, батыр парызы санады.

Абылай ханның ордасы бекіткен жер мәселесіне «Ұзын Қыпшақ Тілеулі батыр Ғабдырахманұлы» деп қол қойып, мөрін басқан. Алайда, Орта жүзде соғыс аяқталғанымен Тілеулі батырдың зор құрметке лайық тұлға екенін Әбіш Кекілбаев та айғақтайды: «Ұзын Қыпшақ Тілеулі Әбдірахманұлы жоңғар қалмақтарымен болған шайқастардан кейінгі бейбіт кезеңде де бес қаруын белінен шешпеген. Бұл сол кездегі батырлардың бәрінің  басында болған жайттар. Ол Есетпен бірге жүріп, үнемі елдің мазасын алып, жиі жаугершілікке ұшыратқан солтүстік батыста құба қалмақтармен, башқұрттармен, ноғайлармен, оңтүстік-батысымызда түркімендермен, орыс-казактарымен шайқасқан.

Бабаларымыздың сол қайсарлығы, ерлігі арқасында Маңғыстау түбегі, Жайық бойы мәңгі атақонысымыз болып қалды». Тілеулі батыр Әбдірахманұлы Ор өзенінің бойындағы жорықта жүргенде қайтыс болады. Өлер алдында айтып кеткен өзінің өсиеті бойынша, сүйегі қандыкөйлек досы Тама Есет батырдың жанына жерленеді. Тілеулі батыр Әбдірахманұлы Ақтөбе қаласынан 18 шақырым жердегі Бестамақ деген елді мекенінде Тама Есет батырдың жанына жерленген. Ұрпағы Әбдіғапар Жанбосынұлы 1916 – 1917 жылдардағы Ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі.

Бегімбет руынан Аманкелді батыр сардары болды. Қазіргі ұрпақтары Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарында, Астана, Алматы, Жезқазған, Аманкелді ауылы (Батпаққара), Арқалық қалаларында, Ресейдің Новосібір облыстарында тұрады. Тілеулі батыр Әбдірахманұлы жайында ел ішіндегі аңыз-әңгімелер мол сақталған. Сондай-ақ, М.Қозыбаев пен З.Байдосовтың зерттеу мақаларында, зерттеуші М.Сүлейменовтың «Әбдіғапар хан» кітабында, мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген. Жазушы Ә.Кекілбаевтің «Елең-алаң» (1984), Қ.Сәрсекеевтің «Смута» (1988) романдарында, «Шақшақ Жәнібек батыр» кітабында Тілеулі батыр туралы көптеген мағлұматтар келтірілген.

2007 жылы Жезқазған қалалық мәслихатының шешімімен көшелерінің біріне батырдың есімі беріліп, сол маңайға бабамызға арналған ескерткіш белгі орнатылған. Бұл ескерткіш – белгінің жобасын жасағандар: Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті педагогикалық гуманитарлық институтының директоры, профессор Мұрат Әбеуов, осы институттың оқытушысы, дизайнер Зекен Мұхамбедин. Дерек көзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 8 том.

Курмангазы Кенжегалиевич БАЙМАКОВ,
Амангелді жалпы білім беретін мектебінің
тарих пәні мұғалімі Қостанай облысы
Амангелді ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий