Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасы – қашықтан оқыту

Қазіргі уақытта ақпараттық коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс пен тәсілдер, технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында инновациялық технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады.

Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану оқытушының біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты. Қашықтан оқытудың әсерлі болуы студенттермен бірге интернетпен жұмыс істейтін оқытушыға тікелей байланысты. Ол қазіргі заманғы ақпараттық және педагогикалық технологияны меңгерген, студенттермен бірге желідегі жаңа оқу-танымдық ортада жұмыс істеуге психологиялық тұрғыдан дайын болатын адам. Сондай оқытушының бірі Текелі кәсіптік колледжінің арнайы пән оқытушысы Анна Падалкинаны айтуға болады.

Былтырғы желтоқсан айының басында  облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы тәжірибе алмасу мақсатында «Қашықтан білім берудегі заманауи технологиялар» тақырыбында онлайн сабақтарын ұйымдастырған болатын. «Оnline» режимінде ұйымдастырылған оқу сабақтарының қатарында Анна Васильевнаның   «Изучить навыки общения по телефону в гостинице» тақырыбындағы  ашық сабағы студенттерге телефон арқылы коммуникативті дағдыларды жаттықтыруға үйрету мақсатына сәйкес өткізілді.

Сабақ блум таксаномиясының кезеңдері бойынша құрылған. Оқытушы жаңа сабақты бастамас бұрын «Найди пару» тапсырмасы арқылы өткен тақырыпқа сұрақтар қоя отырып, өткен тақырыпқа шолу жасады. Студенттер материалды жақсы меңгерген, сұрақтарға нақты жауап берді. Педагог көрнекі құралдарды эстетикалық талғамға сай қолданып, әдіс-тәсілдер онлайн платформаларының негізінде  ұсына білді. «Қонақ үй шаруашылығы» мамандығының болашақ мамандары  телефонмен сөйлескенде ақпаратты  анық, сыпайы жеткізу, дауыстың мейірімді әрі  интонацияның  сақталуы, сөздерді бұрмалаудан аулақ болу шарттары ереже талаптарына сәйкес айтты.

Берілген ақпараттардың негізінде мен өмірде телефонмен сөйлеу мәдениетін жетілдіруім қажет екенін түсіндім. Педагог сабақтың мақсатын ашу үшін студенттерге қабылдаушының қонақпен жүргізген келіссөздерінің бейне жазасын көрсетіп, https://youtu.be/IkOW6Wn-Jxk, кестені толтыруын, сондай-ақ, қабылдау бөлімі жұмысының оң және теріс жақтарын атау үшін ситуациялық тапсырманы талқылауға берді.

Поведение ресепшиониста

 

Плюсы

Минусы

Приветствие

 

 

Выявление пожеланий гостя

 

 

Разрешение ситуации

 

 

Завершение разговора

 

 

Выводы

Сонымен қоса кіріс, шығыс қоңырауларының тәртібін де түсіндіріп өтті. Сабақтың «Талдау» кезеңінде теория бойынша алған білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында студенттерге  рөлдер бойынша телефон арқылы сұрақ пен жауап диалогын құру қажеттілігі тапсырылды. Сабақтың «синтез және бағалау» кезеңінде ситуациялық жағдайдан шығу үшін,  студенттерді үш топқа  бөліп, қазақ, орыс, ағылшын  тілдерінде телефонмен сөйлесу диалогы құрылып, білім алушылардың пәндік құзыреттілігі жетілдірілді.

Анна Васильевна сабақты қорытындылап, үйге тапсырмасы https://youtu.be/aFI0_kuu9yg бейне жазбаны қарап, қонақ үйдегі телефон этикетіне машықтану керектігін, жауаптарын бейнежазбаға түсіріп, Platonus платформасына жіберуін талап етті. Бағалау баллдық жүйе негізінде (чек-парақтарымен шығарылды. Сабаққа  Нұр-Сұлтан, Шымкент  қалаларындағы  политехникалық инновациалды технологиялық колледждерінен әріптестер қатысып, кері байланыстарын жақсы тілектері арқылы білдірді. Ұйымдастырылған шара инженер педагогтердің тәжірибе таратуына,  жинақтауына, кәсіби тұрғыдан дамуына үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Эльмира Мұсатайқызы РАЙХАНОВА,
Алакөл гуманитарлық техникалық
колледжінің әдіскері, Алматы облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий