Дарынды жастар – еліміздің болашағы

Ұстаз – шәкірт бағбаны. Әрбір оқытушы өз шәкірттеріне білім бере отырып, үлкен үміт күтеді. Бүгінгі қоғамдағы мұғалімің мақсаты жан-жақты білімді, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, қабілетті тұлға қалыптастыру, балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру деп білемін. Дарынды және талантты балаларды оқыту барлық кезеңде де өзекті мәселе болып табылған. Білім алушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жан-жақты жағдайлар жасау қажет. Сондықтан, мұғалімдер балаларды оқытуда барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы ортаны жасауға тырысады.

Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы – дарынды және жас талапты жастар. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын,  тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті», – деген болатын. Жоғары сенімді ақтау үшін дарынды балаларды тәрбиелеуде ұстаздар қауымы білім мен тәрбиені қатар алып көптеген ізгі істер жасау үстінде. Дарындылықтың табиғаты шексіз. Дарынды және талантты балалармен жұмыс терең ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді.

Менің ойымша, әрбір оқушы өзінше дарынды, талантты, бірақ оны кез келген адам байқап, тани алмайды. Осы жерде  біз болашақ колледж бітіруші студенттің талантты немесе дарынды екенін, жалпы қабілеттіліктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көре алып, олардың дамып, жетілуіне жағдай жасауымыз қажет. Сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді, танымдық сипаттағы тапсырмаларды қолдану арқылы анықтауға болатынын еске алып отырған жөн. Сонымен қатар балалармен жұмыс жоспарлау алдында олардың жас ерекшелігін де ескеріп отыру керетігі бәрімізге мәлім.

Выготский еңбектерінде кез келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін алдымен бастапқы негізді біліп алған жөн деп тұжырымдайды. Яғни, оқушының негізгі мотивациясының деңгейін, оның логикалық ойлау өрісін, жас ерекшелігін,  әртүрлі істерді жүргізу қабілеттерінің өрісін бағамдау қажет. Ал егер тапсырма тым күрделі болса, бала оны орындауда қиналып,  ынтасы жойылуы мүмкін деп ғалым Эйр (2001) де баса айтқан болатын. Сонымен берілген тапсырма, қолданылатын әдіс пен тәсіл оқушылардың жас ерекшелігіне сай келмесе, оқушының өзіне деген сенімсіздігін арттырып, пәнге қызығушылығын кемітетіндігі дәлелденген.

Оқушылардың қабілеті мен ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлуге болады: шығармашылық дарындық; интеллектуалды, табиғи дарындылық; лидерлік дарындылық. Жоғарыдағы ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, мен өз сабақтарымда өзге оқушылардан ерекшеленіп тұратын талантты және дарынды оқушыларды анықтап, оларды оқытуда біршама жоспарлы жұмыстар жүргізіп отырамын. Менің бір байқағаным, шығармашылық дарындылыққа бейім балаларды ұжымнан бөліп, жеке жұмысқа тартудан гөрі оларды топтық әрекетке тартып, топтастарымен қарым-қатынасқа түсуге үйрету тиімдірек.

Сонымен күнделікті сабақтарда байқағаным, топтағы ынтымақтастық атмосферасы адамның түсіну деңгейіне өзіндік әсер береді екен. Топ мүшелерінің арасындағы серіктестік қарым-қатынас оларды ортақ келісімге келіп, топқа ортақ пікірді негіздеуге жетелейді. Сабақта топ құрамын жиі ауыстырып отыру да өз әсерін береді. Топ құрамын өзгерту арқылы топ мүшелерінің жынысына және мүмкіндіктеріне қарай  басқалармен жұмыс істеу дағдылары дамып, оқушылар өздерін сенімді сезініп үздік бірлескен жұмыс пен сындарлы әңгіме жүргізген белгілі бір топтарда жақсы жұмыс істегендері анықталды.

«Үйден оқу», «Шет тілі практикумы», «Шетел балалар әдебиеті», «Кәсіби шет тілі» сабақтарын жоспарлауда мен дарынды және талантты балалармен жұмыс істеуге арналған қиындатылған тапсырмалар беруді алға қоямын. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі болсын, негізгі кезеңі болсын түрлі «Суреттер сөйлейді», «Ұйқасын тап», «Имитациялық ойындар», «Интервью-сұхбат», «Миға шабуыл», «Ынталандыру дәрісі» атты стратегияларды қолдану арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, әрі қарай алған білімін өз бетінше дамыта алуына ықпал жасауға тырысамын.

Топта тілге шебер, ойы ұшқыр,  суретті жақсы салатындар да, актерлік қабілеттері бар оқушылар да көп. Мысалы, мәтінді бөліктермен оқып, оны талдап, постерге негізігі идеясын салу кезінде топтағы оқушылар өз қабілеттеріне қарай міндеттерін бөліп, бірлесіп тиянақты жұмыс жасайды. Оның ішінде көшбасшылардың да рөлі зор болады, олар жұмысты әрқайсысының қабілетіне қарай бөліп, тапсырманы тиімді,  уақытында, толық орындауға ат салысады. Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында оқушылардың қабілетін анықтау үшін «Сomplete a story map for your story», «Summarize the story from a different character’s point of view»,  «Add a new scene to the story or rewrite the ending»,  «Act out scenes from the reading» сияқты тапсырмалар беремін.

Осындай «Болжау» әдісі арқылы тапсырмалар бере отырып білім алушылардың интеллектуалды шығармашылық қабілетін анықтауға және біршама арттыруға болады Бұл жұмыс нәтижесінде оқушылардың тіл мен әдебиетке деген бейімділігі аңғарылды. Сонымен, дарынды  қасиет деп адамзат баласының басқаларға қарағанда ерекше ойлау, талдау, еске сақтау қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор  оқушыларда кездесетін қасиеттерді  айтамыз.

Интеллектуалды, табиғи дарындылықты дамыту мақсатында студенттермен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің рөлі зор. Студент тұлғасының жан-жақты дамуына көмектесу, өзін-өзі объектівті бағалауға, шығармашылық ұжымда жұмыс дағдыларын игеруге, ұйымдастырушылық және инновациялық қызметке тартуға баулуда  ғылыми жұмыстар бойынша байқаулар, студенттік ғылыми конференциялар, студенттік ғылыми олимпиадалар, студенттердің ғылыми-техникалық шығармашылық көрмесі, республикалық, халықаралық дебат және дөңгелек үстелдердің рөлі өте зор.

Дарынды студенттермен бірнеше жылдан бері жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталар болсам, нәтижесі төмендегідей: 2018 жылы Ресей Федерациясы Новосібір облысы Карасук қаласында өткен «Особенности исследовательской деятельности студентов с целью формирования профессиональной компетентности будущего специалиста» атты семинарда өз жобасымен қатысушы 4-ші курс студенті Б. Наукенова, 2019 жылы халықаралық ағылшын тілі мұғалімдері ассоциациясы KazTEA ғылыми-практикалық конференциясында Постер секциясында ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесімен 2 студент Д. Маусумбаева ШТ-21 тобы студенті, Н. Сакыпов-ШТ-41 тобы студенті иеленген еді.

VI Халықаралық суденттердің шет тіліндегі ғылыми және практикалық конфернециясында екінші орын Ж.Серікбай Ж., М.Ермакова, 3-орын-1 Н.Сакыпов, «Кітапхана – тарихи білім орталығы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар 3-курс тсуденттері А.Шайхенова, А.Ромазанова, 2020 жылы VII халықаралық суденттердің ғылыми-практикалық конфернециясында екі 2-орын (А.Касенова, Н.Мерканов, Д.Маусумбаева, А.Шайхенова),  2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен  “I know English”Республикалық турнирде бірінші орынмен үш студент марапатталды.

Жүлделі екінші орынды екі студент, 2021 жылы VIІІ халықаралық суденттердің шет тіліндегі ғылыми практикалық конфернециясында Ж.Нуралиева мен Р.Елубаева бірінші орынды, А.Төлегенова 3-орынды иеленді. Қорыта айтқанда, дарынды білім алушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты  кәсіби тағдыры тек қана білімді ұстазға байланысты. Сондықтан, дарынды баламен жұмысты ұйымдастыратын, оның қабілетін ұштап дарындылығын дамытатын оқытушының өзі жан-жақты, дарынды болуы шарт.

«Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақ», – деп Ахмет Байтұрсынов айрықша атап айтқанда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстазға сипаттама береді. Еліміздің бүгіні мен ертеңі жас буынның еншісінде десек, сол жас жеткіншекті жан-жақты, терең білімді етіп тұлғаландырудың бірден-бір жолы, білімді  игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру ұстаз шеберлігіне тікелей байланысты.

Гульмира Кабатаевна АХМЕТОВА,
Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық
колледжінің 
ағылшын тілі оқытушысы, педагог
зерттеуші, 
Павлодар қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий