Үйренерлік үлгі: Түлектің тағылымды тағзымы

Қайтадан өмірге келмейсің,
Барыңды – нәріңді,тіріңде бергейсің.
Ел-жұртың айтардай, артыңда сөз қалсын,
Шын бақыт сол екен, мәңгілік өлмейсің, – деген даналар сөзі бар. Өзі оқыған білім ордасына тағзым ету әрбір азаматтың парызы. Бұл-бәрімізге артылған маңызды міндет.

Шымкент қалалық «Ауыл» партиясының төрағасы, Шымкент қалалық мәслихат депутаты, М.Өтебаев атындағы жаңа технологиялар колледж директоры Қанат Досалиев мектеп қабырғасында білім алған алтын ұясына, аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге «№11 санаторий типтес арнаулы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ат басын бұрып, арнайы келді. Санитарлық талаптар орындалды. Ұстаздар ұжымының жетекшісі Айгул Юсупова кеңсесіне жайғасқан соң аудан әкімі Арман Абдуллаев, Қанат Досалиевті осы мектепте оқып кеткені жайлы айтып, кеңінен таныстырды.

Қанат Досалиев сөз алып өзі Төлеби ауданынын Алғабас елді мекенінің тумасы екенінің айтып, Қазығұрт ауданы Амангелді ауылында қазіргі Сынтас елді мекеніндегі нағашысының қолында бастауышта оқып, жоғары сыныптарды осы №11 мектеп-интернатта 1969 жылы тәмамдағанын әсерлі әңгімеледі. Жас кезіндегі шуақты шағын еске алған ол сол кездегі мектеп директоры Төлеп Абдан ағайын тағы басқа білім  мен тәрбие берген,  ұстаздарының ерекше қасиеттеріне тоқталды. Әсіресе осы мектеп-интернатта оқығанына өте қуанышты сезімін білдірген танымал тұлға тарихы терең білім шаңырағында алған білімі мен тәрбиесі абыройлы да адал азамат ретінде қалыптасуына берік іргетас қалағанына ризашылығын білдірді.

Ол алтын ұя мектебіне құр келмей, керемет картинаны сыйға тартатындығын айтып, суретті мектеп директорына табыстады. Қанат ағамыз Досалиев сөз арасында баршамызға бұрылып, «Білімді ел – Образованная страна» республикалық газетін білесіздер ғой? – деді. Иә, – деп жауап берген білім беру ұйымы басшысының орынбасары Омар Тілеуұлы ұстаздар ұжымының барлығы дерлік осы апталық басылымның тұрақты оқырманы екендігіне тоқталды.

Мен алдағы баспасөзге жазылу науқаны кезінде осы республикалық білімділік қоғамдық–саяси газетін бір жыл оқып тұруы үшін ұжымның он қызметкеріне сыйлық сертификатын ұсынамын, – деді ол ізгі ниетпен. Содан соң мектептің спорт алаңда ойнаған кездерін айтып, асханадағы тамақ мәзірімен танысуы сәтінде қатар-құрбыларымен талай мәрте дәм татқан қызықты кездерінен сыр шертті. Оқушыларға арналған жатақхананың бөлмелерін аралап, жастардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Мектептің мұражайын ұйымдастыру бағытындағы ұсынысын ортаға салып, білім ордасының алдағы алпыс жылдық мерейтойында барлық түлектермен бірге тағы да басқосуға жиналатындығын жеткізді. Кездесудің қорытынды кезеңінде мектеп басшылығы мен жекелеген ұстаздар үйренерлік үлгі көрсеткен құрметті қонаққа құрмет білдіріп, алғыстарын жаудырды.

Омар Тілеуұлы САЛИБЕКОВ,
№11 санаторий типтес арнаулы мектеп
интернаты директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары, Түркістан
облысының Қазығұрт ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий