Еліміздегі колледждерде оқу мерзімі қысқарады

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына академиялық дербестік беріледі. Соның аясында бірқатар өзгерістер енгізу мүмкін болады. Колледждерде оқытылатын білім бағдарламалары жұмыс берушілердің қатысуымен жетілдіріледі, жаңартылады және нарықтағы сұраныс пен талаптарға сәйкес икемделеді, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Тоғызыншы сыныптан кейін колледжге оқуға түскен студенттер үшін оқу мерзімі бұрынғыдай үш жарым жыл емес, екі жылға дейін қысқарады. 11-сыныптан кейін колледжге түскендер үшін оқу мерзімі екі жарым жыл емес, 1,5 жылды құрайтын болады. Колледждердегі білім беру грант көлемі кезең-кезеңмен ұлғаяды.

Биыл «Жас маман» жобасы аясында 180 колледждің инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары аяқталады. Жобаның қорытындысы бойынша әрбір өңірде материалдық-техникалық базасы, жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалары бар кемінде жеті заманауи колледж жұмыс істейтін болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий