Қалыптастырушы бағалау – табысқа жетудің баспалдағы

«Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі», – деп дана халқымыз айтқандай, бүгінгідей ел болашағы – жас буынды заманына сай лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру ісі мемлекетіміз үшін маңызды болса, мұғалімдер қауымына артылар жүк ауыр екені баршаға мәлім. Қоғамның дамуындағы ең маңызды мәселе білім беру жүйесі. Қазіргі таңдағы негізгі мақсат – жан – жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой – тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны яғни еліміздің патриотын қалыптастыру.

Осы орайда мен де өз міндетімді отаным алдында адал атқару мақсатында білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін барымды салудамын. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Ия, сонымен қатар біз өткенімізді де ұмытпауымыз керек. Қайсар рух пен қара күшті қару етіп, еркіндік үшін күрескен бабаларымыздың ерлік жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті.

Осындай бейбіт заманда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысуы үшін аянбай еңбек ету. Алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуды міндеттеп отыру әр ұстаздың парызы деп білемін. Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы демекші әр білім алушы үшін ұстаз олардың өмірінде  үлкен роль атқарады. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөзде бекер емес екенін білеміз. Жас ұрпақты ерте жастан білімділікке,кішіпейілдікке, алған білімін өмірде пайдалана білуге үйрету –ол ұстаздың жетістігі деп білемін. Үнемі ізденіс үстінде жүріп, өз шәкірттерімді білім қаруымен қаруланған, функционалды сауаттылыққа тәрбиелеудемін.

Осы орайда әзірлеп жатқан әдістемелік құралым да білім алушы үшін де,мұғалім үшін де таптырмас құрал деп білемін. Қазақ тілі пәні бойынша 5- сыныпқа арналған «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы» білім беру мазмұнын жаңарту аясында құрастырылған мұғалімдерге көмекші құрал. Қалыптастырушы әр тапсырмаға құрылған дескриптор оқушының білімді меңгерудегі қадамдарының алғы шарты және оқу мақсатына жетудегі кері байланысты қамтамасыз етуде. Әр сабаққа құрылған қалыптастырушы тапсырмалар тақырып мазмұнын ашып, тіл білімінің саласын білім алушының жете түсінуіне көмектеседі.

Әр білім алушының білімін бағалау дескрипторлар арқылы жүзеге асырылады. Білім алушылар үшін өзінің біліміндегі ақаулықтарын өз бетінше анықтап, мұғаліммен бірге оларды жою бойынша жұмыс жүргізеді. «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы» -шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім үшін көмекші құрал болып табылады. Ал білім алушылар үшін «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар  жинағы» сапалы білім алуын  қамтамасыз ететін құрал болып табылады.

Сөз соңын қортындылай келе, әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып, өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Еліміздің бейбіт аспанында қазақ жастары тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс жасаймыз. Ел сенімін, үмітін ақтау – жастардың қолында.

Баглан Елюбаевна МУХАМЕТЖАНОВА,
Жетісу орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет
пәні мұғалімі, Алматы облысының Ескелді ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий