Оралдық ұстаз республикалық байқаудан жүлдемен оралды

Орал қаласындағы көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының туризм үйірмесінің жетекшісі, қосымша білім беру педагогы Райгүл Сағынғалиқызы Альмуханованың мектеп оқушыларымен түсірген ашық сабағы республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың арасында үздік ретінде танылып, “Алтын жүрек” әйел педагогтердің байқауында үшінші орынды иеленді, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жүлдегер 500 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Туризм үйірмесін ұйымдастырып, балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға жұмыстанып жүрген Райгүл Сағынғалиқызына шәкірт тәрбиелеудегі еңбегіне жеміс тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий