Қуатты елдің мамандарын даярлаудағы – экономистер мектебі

«Экономика» кафедрасы – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ең алғаш болып іргесін қалаған кафедралардың  бірі. Білімді  ұрпақты тәрбиелеп өсіруге барынша ден қойған кафедраның профессор-оқытушылар құрамы бүгінде бірқатар биік белестерді бағындырып келеді. Олардан  осы  мамандық бойынша білім алып шыққан көптеген түлектері еліміздің түпкір-түпкірінде  жемісті еңбек етіп жүр.

Қазіргі таңда білікті оқытушылар экономика мамандығының қыр-сырын меңгерту үшін заман талабына сай білім берудің жаңа үрдістерін пайдаланып, нағыз кәсіби маман дайындауға машықтанған, тек дәріс беруге ғана емес, студенттердің жан-жақты дамуына да үлкен мән береді. Осы бағытта кафедрада біраз ауқымды іс-шаралар да жүзеге асып келеді.   Ізденушілер қауымы қай кезде де ғылыми жобалар мен қоғамдық және спорттық іс-шараларға белсене атсалысады.

«Экономика» ғылымы барлық бағыттарды қамтиды: қаржы, маркетинг, менеджмент және бухгалтерлік есеп. Біздің экономисттер банктерде, салық компанияларында, ірі өндірістік компанияларда, әкімдіктерде, облыс басқармаларында, министрліктерде жұмыс істейді және өз бизнес-жобаларын іске қоса алады. Экономистер дайындайтын жоғары оқу орындары көп екені түсінікті. Бірақ нағыз білікті мамандарды қанша дайындасаңда, әрдайым жетіспейді. Сонымен қатар, жақсы экономисттерді өз өңіріміз үшін өзіміз дайындауымыз керек.

“Экономика” мамандығының студенттері креативтілігімен, белсенділігімен, ұтқырлығымен ерекшеленеді, оларға жеке табыс пен ғылыми зерттеулерге белсенді қатысу құндылықтар ұстанымдары тән. “Экономика” мамандығының студенттері халықаралық олимпиадаларға, конференцияларға, байқауларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Кафедраның тағы бір артықшылығы – жақсы оқып, үлгерімі жақсы студенттердің академиялық ұтқырлық аясында шетелдерде оқып білім алуларына ықпал етеді.

Жоғары мектепте Латвия, Польша, Испания, Түркия және тағы да басқа шетелдік жоғары оқу орындарымен келісім-шарттар жасалған, яғни біздің студенттеріміздің сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігі бар. Кафедрада ағылшын тілінде оқитын топтар бар. Оқытушылар сабақтарда кәсіби экономикалық білім мен шет тілін меңгеруді біріктіреді. Экономика кафедрасында магистратурада және докторантурада оқуын жалғастыруға мүмкіндік бар. Экономика бакалавры-экономист, аналитик, сыртқы экономикалық қызмет бойынша маман қызметін атқара алатын маман.

Магистратура мен докторантура жақсы мансап жасауға көп мүмкіндік береді. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Экономика» кафедрасы 2004 жылдан бастап бейінді және ғылыми-педагогикалық бағыттар бойынша экономика ғылымдарының магистрлерін дайындайды. Қазір мансаптық өсу үшін магистратура қажет, өйткені магистратурада түлектер ғылыми тұрғыдан арнайы пәндер бойынша терең білім алады, қазіргі заманымыздың талабы осындай. Жыл сайын оннан астам адам магистратурада білім алып, академиялық дәрежеге ие болады, бұл оларға жаңа мүмкіндіктер береді.

Олар мемлекеттік органдар, банктер, ірі кәсіпорындар, әсіресе бірлескен кәсіпорындар үшін өте қажет. Магистратураның барлық түлектері жұмыспен қамтылған. Кәсіпорындардан лайықты ұсыныс пен лайықты жалақы ала алмаған кафедра түлектері, өз бизнесін тез құрып, идеяны табысты іске асыра алады. Айта кету керек, “Экономика” кафедрасы оқытушыларының көпшілігінің ғылыми дәрежелері мен атақтары бар. Мұнда барлығы 26 адам жұмыс істейді, олардың 14-і профессор немесе доцент ғылыми атағы бар.

Төртеуі еліміздің жоғары оқу орындарының үздік оқытушылары қатарына енген. Педагогтар Қазақстанның жоғары оқу орындары үшін шығарылған 15 оқулық пен оқу құралдарының авторлары болып табылады. «Экономика» кафедрасының профессор-оқытушыларының мақсаты жастарға жоғары білім беру, елімізге білікті мамандарды даярлау. Өйткені еліміздің болашағы осы жастардың қолында. Экономика салаларын жан-жақты зерделеуді жүргізе білу әр маман иесінің қолынан келе бермейді. Экономика бір орында тұрмайды, бүгінгі мәліметтер ертеңге ескі деп саналады, өйткені ол үнемі қозғалыста болады, экономика осынысымен қызық.

Мұнда мектеп бітірушілерге оқу қызықты болады. Олар осында сапалы білім алады дегенге ешкім күмәнданбайды, себебі көптеген адамдар тіпті жоғары білімі туралы дипломы бар адамдар да осында оқуға келеді. Жеделдетілген бағдарлама бойынша жоғары білімді кәсіпкерлер мен облыстық басқармалардың қызметкерлері де екінші экономикалық мамандық ала алады. “Экономика” кафедрасына оқытушылар әрдайым үлкен байқаумен қабылданады.

Мамандарды даярлау саны бойынша ол М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басқа кафедраларына қарағанда үнемі алда болады. Кафедраның жоғары деңгейде жасақталған профессор-оқытушылар құрамы студенттердің ғылым мен білімге деген қызығушылығын арттыра түсуге зор септігін тигізіп отыр.

Айна Байларовна АЙДАРОВА,
М.Әуезов атындағы ОҚУ э
кономика
кафедрасының профессоры, Шымкент қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий