Маңғыстау облысы: Қырықтан астам ер адам қызмет жасайтын ауыл мектебі

Жаңаөзен қаласындағы Рахат ауылының №21 жалпы білім беретін мектебі кадр саласы бойынша ерекшеленуде. Осы ұстаздар ұжымында барлығы екі жүзге жуық адам қызмет етсе, оның қырықтан астамы ер азаматтар. Педагогика саласында 38 ер азамат қызмет етуде. Оның үшеуі күзетші, 2-еуі жұмысшы, біреуі жүргізуші және 1- еуі инженер, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

– Темірден түйін түйген технология пәнінің мұғалімінен бастап, үздік тарих пәнінің мұғалімі, мерекелік шараларды ұйымдастыруда белсенділік танытатын әнші, жыршы, жүргізушілер, сонымен қатар, спорт саласында да жетістіктерімен қуантып жүрген дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, шахматшы және тағы да басқа педагогика саласында өз қабілеттерін көрсетіп жүрген ұстаздарымызды мақтаныш етеміз! Осындай ұстаздарымыздың арқасында оқушыларымыз көптеген жетістіктерге жетіп, ұстаздарымен қатар ата – аналарын да қуантуда, – дейді мектеп директоры Асқар Ыбырайымқұлұлы.

Келер жылы он жылдық мерейтойын тойлағалы отырған аталмыш мектеп осы уақыт аралығында көптеген жетістіктерге жетті. Атап айтқанда, география пәні мұғалімдері облыстық “Далалық зерттеу жұмыстары” байқауында бірінші орынға, “Үздік АӘД кабинет жетекшісі” І орын, “Үздік тарих пәні мұғалімі”, жыл сайын ұйымдастырылатын “Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі”, математикалық “Регата” байқауының қалалық, облыстық, аймақтық кезеңдерінің жүлдегерлері осы мектепте оқушыларды білім нәрімен сусындатып, қызмет етуде.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий