Музыка және психология

Музыканың құдіретін ұлы Абай Құнанбаев: “Құлақтан кіріп бойды алар, әсем әнмен тәтті күй”, – деп қалай дөп басып айтқан. Шындығында да музыка адам жан-дүниесіне әсер етіп, ерекше көңіл-күй сыйлайды. Ұлы Абай музыканың құдыретін, оның емдік қасиетін сол кезде көрсете білген. Ал Әл-Фараби бабамыздың музыка туралы мұрасы педагогикалық жағынан да психологиялық жағынан да көптеген зерттеулерге негіз болатыны айқын.

Музыка арқылы балаға психологиялық әсер етуді үш түрлі сипатта қолдану керек: тыныштандыратын әуен, жігерлілік тудыратын әуен және босаңсытуға арналған әуен. Психологтардың айтуы бойынша, музыканың күші баланың физикалық және психологиялық дамуын нығайтады. Әр түрлі музыкалық терапия әдіс-тәсілдерін ойынмен байланыстырып, психотерапевтік техникаларды қолданса әсері жоғарылайды. Сонымен қатар музыкалық аспаптарды қолдану арқылы адамның дене мүшесіне және мінез-құлқына әсер етуге болады екен.

Флейта – адамның ми құрылысына, кларнет – оң жақ ми құрылысына (эмоционалдық, логикадан тыс қабылдау), арфа – жүрек қан тамырларының жұмысына көмектеседі, тыныштандырады, скрипка – рухани дамуына септігін тигізеді және ұрмалы аспаптар – күш-қуат береді. Қазіргі кезде оқушылар өздігінен көп оқшауланады, әрқайсысының өз әлемі бар. Мұның себебі замануи ақпараттық технологиялар және интернет жүйесімен тығыз байланысты болса керек.

Сондықтан да оқушыларға сабақ барысында психологиялық қолдауларды жиі көрсетіп отыру керек деп есептеймін. Мұндай кезде музыкалық психология және психотерапия адам ағзасына ең тиімді әдіс болып табылады. Музыкалық терапияны пән мұғалімі ретінде 5 және 6-сынып оқушыларына релаксация түрінде пайдаланамын. Музыка сабағы ерекше амандасумен басталып, сабақ барысында ұлттық би элементтері қолданылады. Тыныштандыратын әуен қойып, оқушының ойын жинақтап, жаңа сабаққа бағыт-бағдар беріп, көңіл-күйін бір арнаға бағыттаймын.

Сабақ барысында Моцарттың «Лунная соната» музыкасын тыңдау арқылы оқушы бойынан қорқыныш кетіп, ішкі ойын еркін жеткізе біледі. «Музыка және поэзия» тақырыбында Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық-ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы» әндерін тыңдай отырып, табиғат суретін салады. «Музыка және театр» тақырыбында өздерінің бала кезіндегі ертегілерін заманауи үлгіде өңдеп, қысқаша мюзиклдер жасайды. Бір-бірінің жасырын таланттарын байқап, сыныпта өзара сыйластық, достық пайда болады.

Классикалық музыка тақырыбын өту барысында неміс халқының «Оркестро» ойынын ойнатамын. Бір топ скрипка аспабында, екінші топ фортепиано аспабында, үшінші топ баян аспабында визуалды ойнайды. Сырттай дауысын шығарып, қимыл-қозғалыс жасайды. Осындай әдістер арқылы оқушы серігіп, сабақ барысында өзін еркін сезінеді. Тәжірибеміз көрсеткендей, классикалық музыка, әсіресе скрипка аспабы музыкасын тыңдау барысында оқушылардың ойлау қабілеттері арта түседі екен.

Әр оқушының мінез-құлқы әр түрлі. Сол себептен сыныпқа келген баланың эмоциясын бақылап тиісті әдіс-тәсілдерді пайдалуға тырысамын. Себебі, жасөспірім бала тез эмоциялық депрессияға ұшырап, шыға алмай жатады. Қолайсыз ортаға түсіп өзін жоғалтып алады. Музыкалық терапияның ең негізгі мақсаты уайым, қобалжу, түңілу сынды теріс сезімдерді санадан шығарып, оқушылардың бойына жағымды эмоцияларды енгізу болып табылады.

Самал Жамалиқызы ШАБКЕНОВА,
Міржақып Дулатұлы атындағы
№68 мектеп-гимназияның музыка
пәнінің мұғалімі, Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий