Тәуелсіздік табысын дәріптеу парызымыз

 

Біздің білім ордасында ел тәуелсіздігінің отыз жылдығына орай «Тәуелсіз ел – Мәңгілік ел»  тақырыбындағы іс шара жоспары жасалып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Басты мақсаты: оқушыларға еліміздің тарихы мен тәуелсіздік  туралы түсінік беру, азаттық жылда құрбан болған тарихи тұлғалардың еңбегі мен ерлігін дәріптеп, Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайраткерлік қызметін таныстыру.

Сонымен қатар өскелең ұрпаққа ұлтжандылық  қасиетін  дарыту арқылы туған жері мен еліне құрметін арттыру. Осыған орай тоғызынша сынып оқушылары  арасында патриоттық  әндер айтылып, сынып сағаттарына қоса мәнерлеп оқу сайыстары ұйымдастырылды. 4 «а» сынып оқушылары үшін  1986 жылғы желтоқсан оқиғасының себебі мен салдары сипаттары кеңінен таныстырылып, жалынды жастардың қайсарлығы туралы айтылды. Бастауыш сынып оқушыларының «Біз тәуелсіз елдің – болашағымыз»,  «Мы –будущее  независимой страны»   5-6 сынып оқушылары шығармашылық байқауда бақтарын сынады.

Бұл шаралардың барлығы дерлік елімізде енгізілген карантиндік шараларға байланысты онлайн режимінде қашықтан ұйымдастырылған болатын. Мектеп кітапханасы қызметкерлерінің бастамасымен «Тәуелсіздігім-тірегім»  тақырыбында  1-3 сынып оқушылары өлеңдерін мәнерлеп оқудан сайысқа түсіп, дайындалған бейне жазбалары білім ордасының әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы жұртшылықтың назарына ұсынылды.

№196 жалпы білім беретін мектеп,
Алматы қаласының Алатау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий