Есте қалар ерекше құттықтау

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен елімізге белгілі нәзік жандыларды құттықтағаны баршаға белгілі. Солардың қатарында Шымкенттегі М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры-басқарма төрайымы Дария Пернешқызы Қожамжарова да бар болатын, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.


Мемлекет басшысының бұл құттықтауы айтарлықтай ерекше болды. Мұны айрықша еткен әрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының аманатын орындаған қала әкімі Мұрат Әйтеновтың ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Ұлағатты ұстаз, білікті басшы, жанашыр ана Дария Пернешқызы жұмыс бабымен Алматыға ұшып бар жатқан болатын.

Осы сәтте Шымкент-Алматы бағытындағы 07-07 ұшақ экипажында әуедегі 10 мың метр биіктікте Дария Пернешқызын қалалық Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Мәди Манатбек бүкіл ұшақ салонына хабарлап, Президенттің құттықтауы мен қала әкімінің атынан Шымкенттің символы – бір шоқ қызғалдақ гүлін табыс етті.

Көктемнің шуақты күнінде қайталанбас тосынсый жасаған ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевқа, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке және де Шымкент-Алматы 07-07 ұшақ экипажына ректор Дария Пернешқызының және М.Әуезов атындағы ОҚУ оқытушы ғалым ұстаздары мен студенттерінің атынан алғысымыз шексіз!!! Еліміздің қыз-келіншектері, ақ жаулықты аяулы аналары әрқашанда аман болсын!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий