Асхат Аймағамбетов: Әр облыста педагогтардың құқын қорғайтын кеңестер ашылуда

Бүгін таңертең Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы қашықтан ұйымдастырылды.  Жиында министрліктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен 2021 жылға қойылған міндеттері талқыланады, – деп хабарлайды осы салалық ведомстваның баспасөз қызметі.

Алқа отырысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысып, ведомство жұмысының негізгі нәтижелері туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баяндама жасады. 

– 2020 жылы білім беру саласында және оның барлық деңгейінде сапалы өзгерістер болды. Десек те, жетістіктер де, кемшіліктері де бар. Біріншіден, «Педагог мәртебесі туралы» заңының аясында педагогтардың еңбек жағдайлары жақсартылып келеді. Педагогтарды тән емес қызметтерге әрі көзделмеген есептерге тартудан босату шаралары қабылданды. Сонымен қатар, барлық облыста педагогтарың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестер ашыла бастады. Биыл бұл жұмысты соңына дейін жеткіземіз, – деді еліміздің бас педагогы.

– Мемлекет басшысының берген тапсырмасы аясында 2024 жылға қарай педагогтардың жалақысы екі есе артады. Осы қадамдар мектептерді кадрлармен толық қамтуға етуге мүмкіндік береді. Тағы бір маңызды мәселе – педагогтарды жұмысқа қабылдау енді конкурс арқылы нақты біліктілік көрсеткіштеріне сәйкес жүргізіледі және де оны электронды форматқа көшіреміз. Осыған қоса 2021 жылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш рет тұру үшін үміткерлер кәсіби шеберлігі тұрғысында сертификаттаудан өтеді. Яғни дипломға қоса, квалификация алу міндеті енгізіледі, – деді Асхат Қанатұлы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий