Фото сайыс: Ұлттық келбет – ұлттық бейне

Наурыз мерекесі қарсанында және ел Тәуелсіздігінің отыз жылдығына  орай Қызылордадағы NIS-те шаңырақтар арасында «Ұлттық келбет – ұлттық бейне» фотосайысы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі. Оқушылар қазақ халқының бейнесін, болмысын, киімдері мен әшекей-бұйымдары көрініс тапқан әдемі келбеттерін суретке түсіріп, Instagram әлеуметтік желісіне жариялау арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттады.

Желі пайдаланушыларының ерекше қызығушылығы мен таңданысын тудырған байқау жұмыстарын әділ-қазыларға бағалау қиынға соқты. Дегенмен, I орынды 7-сынып оқушысы Еңлік Оңталап иеленсе, II орынды 11-сыныптан Дильназ Ибрагим мен 9-сыныптан Әлішер Райымбеков бөліп алды. Сондай-ақ, жүлделі III орынға Сұңғат Бәкіров (8 -сынып), Фархат Балтабек (7-сынып), Толғанай Жағыпар (11-сынып) лайықты деп танылды.

Ал, ерекше сурет иелері: Төлеген Қонақбаев «Айбат», Қылышбай Назаров «Ұлттық нақыш», Бауыржан Ідіріс «Өр тұлға» және Диана Камил «Әдемі келбет» атты номинациялармен  марапатталды. Айта кету керек, Ұлыстың ұлы күнін атап өту мақсатында Сыр бойылық білім ордасында мерекелік онкүндік жарияланған болатын. Кешеден бері оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар түрлі тақырыптық шараларға тартылуда.

– әз Наурыз бағдарламасында «Ағашқа өмір сыйла», «Тәтті бауырсақ» акциялары, #наурызкөже2021» челленджі, сурет салу байқаулары, зияткерлік ойындар, спорттық жарыстар мен тәрбиелік шаңырақ сағаттары жоспарланған. Дәстүр бойынша оқушыларымыз оңалту орталықтарына барып, қайырымды істер жасамақ. Сондай-ақ, мектеп ұжымына арналған онлайн мерекелік концерт және Қорқыт Ата атындағы университеттің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Меруерт Ансатовамен кездесу өтетін болады, –  дейді мектеп директорының орынбасары Ләззат Абдраимова.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий