Silkway Халықаралық университетінің кітапханасы – Білім ордасы!

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да, сауатты өмірге бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханият ордасы – кітапхананың алар орны ерекше.

Silkway Халықаралық университетінің кітапханасы 1992 жылы құрылып, 2007 жылдан бастап Ақпараттық білім беру орталығы (АББО) деп аталып, бүгінге дейін жұмысын жалғастырып келуде және сол кезеңнен бүгінге дейін тоқтаусыз дамуда. АББО  заманауи үлгіде жабдықталған, оқырмандар сұранысын толық қанағаттандыратын орын. Кітапхана қойнауында 680 мың астам кітап қоры бар. Кітапхана қызметін пайдаланушылардың сұраныстары жоғары, олардың талап-тілектерін орындау, қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отыру заман талабы.

Кітапхана қабырғасында жылдар бойы жинақталған рухани байлық әрқашанда біздің пайдаланушыларымыздың мүддесіне әртүрлі үлгіде: басылымдық және электронды түрінде қызмет етеді. 2008 жылдан бастап кітапхана жұмысының барлық бағыттарына жаңа ақпараттық-технологияны қарқынды енгізуде: кәсіби байланыс аясы кеңейіп ғалам тор арқылы Отандық ресурстарға қолжеткізу ұйымдастырылды. Олар республикалық ЖОО – аралық электронды кітапхана базасы, республикалық ғылыми-техникалық кітапхана және ҚР Әділет министірлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» «Заң» деректері базасы.

Кітапханадағы басты ақпараттық ресурстардың бірі электронды каталог. «ИРБИС» кітапханалық процестердің негізгі түрлерін – өңдеу, сақтау және деректерді электронды форматта беру мүмкіндіктерін туғызды. Онда кітапханаға түсетін құжаттардың барлық түрлері көрсетіледі. Электронды деректер базасының көлемі – 30 000 дана библиографиялық жазбаны (БЖ) құрайды, оның ішінде 8437 мың атау (БЖ) мемлекеттік тілде, 21563 данасы орыс және шетел тілдерінде. Кітапхананың электронды ресурстары және виртуальді қызметі ғаламтор желісіндегі https://swiu.edu.kz/ сайтында,  тұрақты түрде жетілдірілуде.

Кітапхананың заманауи материалдық-техникалық базасы электронды оқулықтармен жұмыс жасау үшін мамандандырылған оқу залдарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқытушылар мен доктурантура, магистратура, бакалавр білім алушылары үшін – 1 абонемент және  5 оқу залы жұмыс жасайды, оның ішінде  мерзімді басылымдар оқу залында  газет – 42 атау, оның 23 – данасы қазақ тіліндегі газеттер. Журнал – 81 атау, оның 61-данасы мемлекеттік тілінде. Электронды ресурстар оқу залында 12500 дана электронды оқулық  пайдаланушыларға қызмет көрсетіп келеді. Барлық оқу залдарында қорларға ашық қолжетімділік ұйымдастырылған.

Ақпараттық білім беру орталығы пайдаланушыларға онлайн және оффлайн режимінде үздіксіз қызмет корсетуде. Осы жылдар ішінде, университет «Нұр – пресс», «Эверо», «Бастау», «Фолиант», жоғары оқу орындарының бірлестігі, «Қазақ университеті», «Академия», баспаларымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Ақпараттық білім беру орталығы университеттің тәрбие жұмысының маңызды бөлігі, рухани мәдениет пен білім беру орталығы. АББО-да әдеби-сазды кештер, ақын-жазушылармен кездесулер, конференциялар, пікір сайыстар, жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімі өткізіліп тұрады.

Заман талабына сай оқырмандардың талап-тілегін орындай отырып, жаңа ақпараттар, технологияларға байланысты бай кітап қорын жинақтап, оқырмандар сұраныстарын мол сеніммен қанағаттандыру кітапханашылардың алға қойған басты мақсаты. Silkway Халықаралық университетте жастардың жарқын болашағы үшін барлық жағдай жасалған, және білім алушылардың игілігі үшін ерекше орындар болып саналады. 

Гаухар Мынжасаровна АЛИМБЕТОВА,
Silkway Халықаралық университетінің
Ақпараттық білім беру орталығы меңгерушісі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий