Балаларға қосымша білім берудің бүгінгі ерекшеліктері

Балаларға қосымша білім беру саласы алуан түрлі. Қосымша білім берудің құндылығы балаларға кәсіби өзін-өзі анықтауына көмектеседі, алған білімдерін жүзеге асыруға ықпал етеді. Балаларға қосымша білім беру балалардың бос уақытын тиімді пайдаланып, балалық шағын толыққанды өткізу үшін балаға жағдай жасайды. Бала қосымша білім беру саласында өмірдің ең маңызды мәнін ұғынады балаға өз жолын табуға түрткі болады.

Осындай балаларға қосымша білім беретін мекеменің бірі облыс орталығындағы қалалық білім бөліміне қарасты біздің балалар шығармашылық үйі 2015 жылғы желтоқсан айының 10-ынан бастап қызмет атқаруда.Балалар шығармашылық үйіндегі 29 үйірме төрт түрлі бағытта (әлеуметтік-педагогикалық ғылыми-техникалық, эстетикалық-шығармашылық, спорттық) жүйелі түрде жоспарлы жұмыс жасайды. Осы бағыттағы үйірмелердің оқушылары барлық қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың, фестивальдар мен жарыстардың жүлдегерлері.

Біздің балалар шығармашылық үйінде шығармашыл қосымша білім беру педагогтарынан құралған ұйымшыл ұжым бар. Осы оқушыларға білім беретін қосымша білім беру педагогі әр түрлі бағыттағы қосымша білім беру бағдарламаларын тікелей жүзеге асыруда еңбек етуде. Қосымша білім беру педагогы балалардың алуан-түрлі шығармашылық әрекеттерін дамыту маманы болып табылады. Олар оқушылардың қабілеттері мен дарындарын, оның ішінде эстетикалық-шығармашылық, көркемөнер, ғылыми-техникалық, музыкалық  әрекеттерін дамытумен шұғылданып, өз қызметі шеңберінде білім алушылардың шығармашылық ерекшеліктерін анықтайды, оларды дамытуға көмектеседі.

Дарынды да талантты ұл-қыздардың шығармашылығын шыңдайды. Біздің шығармашыл үйінің дарынды да, шығармашыл  актер үйірмесінің оқушылары Алматы қаласындағы түсірілген веб сериалға кастингтен өтіп, «Менің атым Арман» телесериялдың негізгі ролін Амандуллина Дана және Аманов Асет сомдады, қалған алты оқушы жалпы рөльдерді ойнады. Қазіргі пандемия жағдайында карантин шараларын сақтай отырып, әр түрлі форматтағы оқу-тәрбие қызметін тиімді пайдалану мақсатында, қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы және штаттық режімде 15 баладан аспайтын шағын топтарда оқу процессі ұйымдастырылды.

Қашықтан оқыту – педагог пен білім алушы арасындағы тікелей байланыссыз, заманауи ақпараттық телекоммуникациялық технологияларды қолдануға негізделген оқыту процесі. Цифрлық технологиялар дамыған заманда білім алушыларға телефон мен компьютер қолданып сабаққа қатысу еш қиындық тудырмады, керісінше балалар жаңа технолияларды меңгере отырып оз беттерінше ізденіп, өз ойларын жинақтап, сенімділіктерін арттыруға мүмкіндік берді.

Сауел Мұхамбетқазықызы
ЖАҚСЫЛЫҚОВА,
Балалар шығармашылық
үйінің директоры, Ақтөбе қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий