Елордасында сатылай кешенді оқыту технологиясының зертханасы ашылды
Елордалық білім басқармасы және Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен офлайн форматта №52 мектеп-гимназиясы базасында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Нұрша Оразахынованың ғылыми еңбегі “Сатылай кешенді оқыту” технологиясының зертханасы ашылды, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық білім беруді жаңғырту орталығының баспасөз қызметі.
Аталған зертхана Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі» қаулысына сәйкес, «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясын басшылыққа ала отырып, Нұр-Сұлтан қаласының орта білім беру ұйымдарында жүзеге асып жатқан «Профессор сабағы» жобасы аясында іске қосылады. Аталмыш технология оқушыға кез-келген пәнді жеңіл игеруіне жол ашады.
Ал зертхана тәлімгерлері осы технологияның негізінде қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын, орыс тілдері, математика пәндерін жылдам әрі тыңғылықты оқитын болады. Зертхананы құрудағы басты мақсат Нұрша Алжанбайқызының «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы арқылы қазақ тілінде ойын толық жеткізе алатын, ұлттық құндылықтарды бағалай білетін, қазақтың тарихы мен мәдениетін терең меңгерген, ұлттық санасы қалыптасқан, рухы биік көптілді, білімді тұлға қалыптастыру.
Жиырма бірінші ғасырда ақпаратты алу ғана емес, санаға сіңіру, қорыта білу маңызды. Осы бағытта педагогика ғылымдарының докторы, профессор Нұрша Оразахынова осы жаңа технологияны ойлап тапты. Осы тың технологияның негізінде бұл білім ордасының шәкірттері тегін оқытылады. Аталмыш технология оқушыға кез-келген пәнді жеңіл игеруіне жол ашады. Ал зертхана тәлімгерлері осы технологияның негізінде қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын, орыс тілдері, математика пәндерін жылдам әрі тыңғылықты оқитын болады.
Ұлағатты ұстаз жылдармен жинаған білім, тәлімін ұлттық мектеп құруға арнамақ. Яғни, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы арқылы қазақ тілінде ойын толық жеткізе алатын, ұлттық құндылықтарды бағалай білетін тұлға қалыптастыруды көздейді.
Загрузка...