Өскемен – НЗМ: Елбасы медаліне лайықты деп танылған Малика

Алматы және Шығыс Қазақстан облысы Елбасы медалі иегерлері саны жағынан көш бастады. Бұл ауқымды челлендж былтырғы жылы бастау алған еді. Еліміз бойынша жалпы 11 мыңнан аса оқушы қатысса, соның төрттен бір бөлігі ауылды жерлерден. Қатысушылар жеті бағыт бойынша берілген тапсырмаларды орындап, электронды күнделікке уақытылы жүктеп отыру қажет болатын. «Елбасы медалімен» Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9С сынып оқушысы Малика Тлеубекова марапатталды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Мектеп жатақханасының тәрбиешісі Ж. Оралгазинаның айтуынша, ол өте жауапкершілігі мол, озат оқушы. Мәнерлеп оқудан талай сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.  Бағдарламаға қатысу барысы туралы Малика өзі былай деп әңгімелейді: – Мен алты ай бойы “Талант пен машықтар”, “Ұлттық мұра”, “Спорт”, “Волонтерлік істер” және “Кітап оқу” бағыттары бойынша тапсырмалар орындадым. Әр жасаған жетістіктерімнен кейін қысқаша эссе жазып, менторыма жіберіп отырдым. Мысалы, берілген тапсырмалар бойынша Мұхтар Мағауиннің “Бір атаның балалары” туындысын толық талдап шықтым. Өзімді жан-жақтан  дамытып, көп жаңа ақпарат алдым. Аса ұнаған бағыт – волонтерлік істер. Қоғамды жаңа қырынан танып, айналама қуаныш сыйлағаным – өзімді де бақытты етті”.

Осындай ауқымды жобаға ұзақ уақыт бойы қатысып, төзімділік пен табандылығының арқасында жоғары дәрежеге қол жеткізіп, Елбасы медаліне лайықты деп танылған оқушымызды шын жүректен құттықтаймыз және мақтан етеміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий