Алматы – НЗМ: 17 жастағы оқушы дәрі-дәрмекті уақытылы қабылдауға көмектесетін ақылды қобдиша жасап шығарды

Алматылық физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Дильназ Камалова «Медикаментоздық қашықтан бақылауға арналған ақылды қорапша» жобасын патенттеді, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Бұл қорапшаның есімі Sequence (ағыл. «жүйе»). Бұл қорапша созылмалы ауруға шалдыққан науқасқа дәруменін уақытылы қабылдауға көмек көрсетеді. Бұл құрылғымен  бірге жүретін мобильді қосымша бар. Науқастың туған-туысқандары осы мобильді қосымша арқылы ескерту қояды. Уақыт келген кезде науқас визуалды және аудио сигнал ретінде осы ескертулерді қорапшадан көріп, дәруменді қабылдаған сәтте немесе қабылдауды ұмытқан сәтте, қате дозаны қабылдаған кезде, туысқанына мобильді қосымша арқылы ескертулер жібереді, –  дейді жоба авторы.  

Қазір қобдишада бес секция бар. Яғни бес түрлі дәрі сақтауға болады. Дильназдың айтуынша бұл құрылғы дәрігерлердің жұмысын жеңілдетеді.  – Алдымен мен осы жобаны досыммен бастадым. Қазір оны өздігімше дамытудамын. Басында біз бұл қорапшаны альцгеймер ауруына шалдыққан адамдарға деп ойладық. Себебі олар дәрумен қабылдауды ұмытып қалуы мүмкін. Алайда уақыт өте біз тек альцгеймер ауруы ғана емес, созылмалы аурулар, диабет, астма секілді ауруға шалдыққандардың да қабылдайтын дәрумен саны өте көп және ұмытып кетуі мүмкін деген ойды қорыттық,- дейді Дильназ.  

Алдағы уақытта Дильназ Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп, Алматыдағы ағзасында АИТВ бар науқастарды емдейтін ауруханада қобдишаны іс жүзінде пайдаланып көруді жоспарлап отыр. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий