Қазақстан мемлекетіндегі экологиялық жағдайының зерттелуі және мамандарды даярлау жүйесі

Адамзат өзінің жаратылысынан бері табиғат байлығын ешбір уайымсыз  қолданып келген болатын. Себебі, әрбір тұлға өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында жасап жатқан іс-әрекетінің салдарларын түсінбей, жер бетінің байлығы шексіз деген ойда келген. Дегенмен, бұл қате пікір. Бүгінгі күні осындай табиғатқа дегенге ысырапшыл қатынас елдегі, оған қоса, әлемдегі экологиялық жан ауыртатын ахуалға әкелуде.

Соңғы жылдардағы елдегі экологиялық жағдай бойынша жаңалықтар қоршаған ортаның ластануын растайды. Елімізде қазіргі таңда өткір экологиялық проблемалардың бірі болып қоршаған ортаның сапасы (ауа, су, топырақ) және қатты тұрмыстық қалдықтар табылады. Елімізде 2007 жылға дейін табиғатқа байланысты  тек жер, су, орман ресурстарын пайдалану бойынша реттейтін заңнамалар ғана болған, ал оны қорғау үшін ешқандай реттілікке келтірілген құқық нормасы болмаған еді. Сол себепті осы жылы заман мен табиғаттың қажеттілігі ретінде экологиялық кодекстің бастамасы салынған болатын.

2020 жылдың 10 шілдесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында еліміздің экологиялық жағдайына алаңдаумен қараған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық білім берудің маңыздылығын атап өтті. Кейіннен осы салада жұмыс жасайтын мамандарға қойылған квалификациялық талаптары көтеріліп, басты назар қазіргі білім жүйесінде осы салаға ауған болатын. Өзімізден кейінгі ұрпаққа да жанашырлықпен қараған Президентінің қолымен 2021 жылдың 2 қаңтарында жаңадан Экологиялық кодексіне өзгертулер еңгізіліп  бекітілді.

Бұл Кодексің басты мақсаты адам мен табиғаттың өзара іс-қимылы (экологиялық қатынастар) саласында жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға әсер ететін немесе әсер етуге қабілетті қызметті жүзеге асыруына байланысты туындау кезіндегі  бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізу болып табылады. Өз алдына осы бастаманы қолдау ниетінде 2021 жылдың қаңтар айының 26 күні  М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Экология» кафедрасы Шымкент қаласының Экология Департамент базасында оқу-ғылыми-өндірістік кешенін ашқан болатын.

Бұл кешен бойынша кафедраның көздеген мақсаты ретінде экология саласында білім алып жатқан студенттердің теориялық қабілеттерімен қатар, өздерінің практикалық тәжірибелерін кеңейту, әрі күшейтуді қарастырады, ал магистрант пен докторанттардың өздерінің ізденістерінде көмек құралы ретінде ғылым-зертеу жұмыстарына жағдай жасау болады. Есептерге келетін болсақ, кешеннің жұмысы Шымкент қаласының экология департаментінің өлшем құралдарының тізбесі бойынша озық 56 түрлі, жалпы саны 75 дана құрылғымен жұмыс жасайды, бұл құрылғылар  қызметі – қаланың экологиялық жағдайын бақылап отыруға көмектеседі.

Аталмыш кешен кафедраның жалғыз жетістігі емес, осы уақытқа дейін жүздеген жобаларды асырып, өз мақсаты болып табылатын кәсіби кадрларды дайындауды сәтті жүргізген. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті экологиялық білім саласында «Экология» кафедрасы елуге жуық жыл жұмыс жасап, оқытушылары тер төгіп, әр бағытта өзінің студенттеріне оқыту барысында актуалды әрі озық технологиялар мен тәжірибені қолданып отырады.

Қазіргі таңда  кафедра «6B052 Қоршаған орта» даярлау бағыты коды және атауы бойынша 6B052-Қоршаған орта білім беру бағдарламасының тобына кіретін: 6B05210-«Экология», 6B05211 -«Экология және табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар, «М087 Қоршаған ортаны қорғау технологиясы» даярлау бағыты коды және атауы бойынша «7M05210 Экология», 7M05213-«Тұрақты даму және экологиялық қауіпсіздік» бағдарламалары бойынша магистрлар  және «D087 Қоршаған ортаны қорғау технологиясы» даярлау бағыты коды және атауы бойынша 8D05210-«Экология» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторларларды дайындайды.  

«Экология» кафедрасында жоғары білікті қызметкерлер қатарында 24 оқытушы бар, олардың қатарында: 3 ғылым докторы, 11 ғылым кандидаты, 1 PhD докторы, 12 жаратылыстану магистрлары. Бұл тұлғалар тек оқытушылық қызметпен ғана айналыспайды, себебі өздерінің алған білімдерін олар әрқашан дамытып отырады. Өздерінің тәжірибесін жетілдіру мақсатында Университеттің ұйымдастырған санды тізбелері бойынша және одан тыс жобаларды жүзеге асыруға атсалысады.

Университет ректоры Д. Қожамжарованың қолдауымен кафедра қазіргі заманауи  ғылыми-зертеу зертханаларымен қамтамассыз етіліп,  экологиялық әртүрлі ғылыми бағыттарда жұмыстар атқарылып, оның нәтижелері халықаралық деңгейдегі басылымдарда жарияланып отырады. Кафедрада Түркістан облысы мен Шымкент қаласының экологиялық мәселелері шешіледі, ал кафедраның ұсынып отырған “Экология” білім беру бағдарламасы елдегі білім беру бағдарламаларының Ұлттық рейтингінде жетекші орын алады.

Кафедраның ұсынып отырған бакалавриаттағы 6В05210-Экология және магистратураның 7М05210-Экология білім беру бағдарламаларының сапасы ASIIN неміс агенттігінің аккредитациясымен расталған. Осы арқылы кафедраның жасап жатқан жұмысы әлемнің ұйымдарымен жоғарғы дәрежеде бағаланған.

Жадра ШИНГИСБАЕВА,
М. Әуезов атындағы Оңтүстік
Қазақстан университетінің
экология кафедрасы меңгерушісі, т.ғ.к

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий