Қорқыт университетінде күн-жел электр станциясы іске қосылды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде күн-жел электр станциясының ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Жаңа құрылғыны іске қосу шарасында осы жоғары оқу орнының Басқарма Төрайымы-Ректор Б.Каримова құттықтау сөз сөйлеп, Әль-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д. Қойшиев Темірхан Қосыбайұлымен бірге лента қию рәсімін орындады, – деп хабарлайды  университеттің баспасөз қызметі. 

Университет оқытушылары 2017 жылдан бастап “GeKaVoc-“Қазақстандағы логистика, мехатроника және тұрақты энергиямен жабдықтау үшін кәсіби және техникалық оқыту технологияларын беру” Халықаралық Қазақстан – Герман бірлескен жобасына қатысады. Жобаны Германияның Федералды Білім және ғылым министрлігі қаржыландырады. Жоба қаражатына университеттің бесінші корпусының аумағын электрмен жарықтандыруды қамтамасыз ететін қуаты 5 кВт гибридті электр станциясы сатып алынды.

Осы электр станциясының базасында университеттің “Электр энергетикасы және өміртіршілік қауіпсіздігі” кафедрасында “Жаңартылатын энергия негізіндегі энергия үнемдеу технологиялары” атты ғылыми-зерттеу зертханасын ашу жоспарлануда. Салтанатты шара “Энергия және ресурс үнемдейтін технологиялар: тәжірибелер мен перспективалар” тақырыбындағы үшінші халықаралық онлайн–конференцияғы ұласты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий