“Балауса белдеме” – кез келген дастарқанның көркін ашады
Наурыз онкүндігі шеңберіндегі “Ұлттық тағамдар күніне” шара аясында Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары “SANDYQ” мейрамханасының бас аспазы Манас Сқақпен онлайн кездесу ұйымдастырды. Бұл басқосуға бастамашылдық танытқан жатақхана тәрбиешілерінің сөзінше, мұндай кездесулер – танымдық әрі әрі патриоттық тәрбиенің ғажап үлгісі, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.
Манас Сқақ – ұлттық асханамызды жаңғыртып жүрген аспаздардың бірі. Ол өзінің әрдайым ұмытылып бара жатқан тағамдарымызды қайта дәріптеу үшін ізденіп, зерттеу жүргізіп жатырғанын айтты: – Қазақтың бес мыңнан астам ұлттық тағамы белгілі. Оларды «Сандықтан» алып шығамыз деген ниетпен мейрамхананың атын осылай қойған едік. Ұлттық тағамдарды жаңалау, заманға сай ұсынып келеміз. Мысалы, қонақтарға ұсынылатын Сый табақта бел-омыртқаның бары барлығымызға белгілі. Соның заманауи үлгісі – “балауса белдеме”, ол кез келген дастарқанның көркін ашады.
Көздің жауын алып, дәмі тіл үйірер балауса белдемені шеберлік сағатта Манас Манақбатырұлы жатақхана тәрбиешісі Әсем Худайбергеновамен бірге әзірлеп, кейін оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.