Экологиялық мәселелердің шешу жолдарын ақмолалық оқушылар ұсынды

«Экология – өмірдің жүрегі» облыстық экологиялық олимпиадасы жуырда онлайн режимінде облыстық білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Табиғат бесігі» кіші жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды, – деп хабарлайды жергілікті салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Іс-шара жастардың назарын туған өлкенің экологиялық-өлкетану мәселелеріне аударуға бағытталған. Облыстық олимпиадаға 12 аудандарының және Көкшетау, Степногорск қалаларының 39 оқушысы қатысты. Жұмыстарды білікті қазылар алқасы бағалады: Г. Ибраева, Көкшетау қаласы №13 «ЭКОС» экологиялық мектеп-гимназиясының география мұғалімі; Е.Гудзюк, Көкшетау қаласы №21 орта мектеп-лицейінің география мұғалімі; И.Морозова, Жақсы ауданы Қима ауылының жас натуралистер станциясының директоры; Р.Нарбаева, Зеренді ауданы Шағалалы ауылы Жоғары агротехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы кірді.

Қорытындысы бойынша келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды: «Болашаққа қадам – қуат көздерінің баламасы» номинациясы бойынша бірінші орын Подольский Кирилл, Аршалы ауданы; Жұмажан Гүлназ, Егіндікөл ауданы; екінші орын Уалиев Нариман, Аршалы ауданы; Көшекбай Жандос, Жақсы ауданы; үшінші орын Тыртышная Алина, Көкшетау қаласы. «Экологиялық қоңырау» номинациясы бойынша 1 орын – Батан Құндыз, Бурабай ауданы; 2 орын – Сорокина Элина, Көкшетау қаласы; 3 орын – Яловая Александра, Ақкөл ауданы; Лепесбаева Аружан, Целиноград ауданы; Болат Гаухар, Қорғалжын ауданы.

Орталықтың грамотасымен марапатталған оқушылар: Вестова Милана, Бурабай ауданы; Абдуллина Карина, Аршалы ауданы; Городецкая Екатерина, Бурабай ауданы. Облыстық олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді. Жеңімпаздарға дипломдар және естелік сыйлықтар табыс етілді. Жеңімпаздарды дайындаған жетекшілер білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий