Нұртас Ахатұлы – “Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” құрметті атағымен марапатталды

Көкшетау қаласындағы Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры АХАТ Нұртас Ахатұлы Қазақстан Республикасы Президентінің (12. 02. 2021 ж, № 513) Жарлығына сәйкес “Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” құрметті атағымен марапатталды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Нұртас Ахатұлы – филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Көптеген «Тұрмыс-салт жырларындағы ұлттық педагогика мәселелері», «Орынбай ақынның әдеби мұрасы», «Алаштың Алмас ақыны», «Қос арна», «Қазақтың ары – честь казаха», «Сөз және сурет» атты оқу құралдары мен монографиялардың авторы болып табылады.

2020 жылы Нұртас Ахатұлы басқарған Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі облыс көлемінде «Үздік кәсіпорын» атағын иеленген. Нұртас Ахатұлының бастамасымен колледждің ISO 9001:2015/ҚР СТ ISO 9001-2016 халықаралық стандарты талаптарына сәйкес сертификатталып, оқу орнында қолданбалы бакалавриат пен модульдік бағдарламасының енгізіліп жүзеге асырылған. «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы Нұртас Ахатұлына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов табыстады. Атап айтқанда, республика бойынша осы құрметті атаққа 25 педагог ие болған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий