Қызылордалық екі оқушы шорт-тректен жүлделі орындарды иеленді

Қазақстандық оныншы қысқы оқушылар республикалық шорт-трек спорт түрінен қызылордалық екі оқушы жүлдегер атанды. Аймақ абырйын асқақтатқан М.Дүйсенов атындағы №15 ІТ мектеп-лицейдің 6 сынып оқушысы Ұлту Құрманбай «Орта жастағы жасөспірім қыздар 800 метр» бағыты бойынша екінші орын, «Супер финал 1000 метр» ІІІ орын, «Көпсайыс» көрсеткіші бойынша үшінші орынды иеленді, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасө қызметі.

С.Сейфуллин атындағы №4 ІТ мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы Қарақат Балмұханова «Орта жастағы жасөспірім қыздар 800 метр» бағытында ІІІ орынға лайық деп танылды. Жеңімпаздарды облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова қабылдап, әлемдік додаларда қарсыластарын шаң қаптырып, биік белестерді бағындырған оқушыларға сәттілік тілеп, құрмет көрсетті. Басқарма атынан жеңімпаз оқушыларға электронды оқулықты сыйға берді. Сондай-ақ, жаттықтырушысы Марат Мұратбековке марапат табыстады.
Айта кетейік, республикадағы мектеп оқушыларының оныншы қысқы гимназиадасы ақпан айының 24-і мен наурыздың 12-і аралығында елордасы мен Петропавл қаласында сегіз ойын түрінен ұйымдастырылған болатын. Атап айтқанда, биатлон, қысқы Президенттік көп сайыс, шаңғы, қысқы спорттық бағдарлау, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен сырғанау, шайбалы хоккей бағыттарында ұйымдастырылды.
