Айгүл Мұқашева: Наурыз мейрамы қазақ топырағына құт-береке, молшылық әкелсін!

Құрметті достар! Ардақты әріптестер! Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлттық құндылықтарымыз дәріптелетін, салт-дәстүріміз салтанат құратын жарқын мейрамның қадір-қасиеті қашан да ерекше. Егемендігіміздің нышаны, елдігіміздің белгісі, болмысымыздың айғағына айналған әз Наурыз мейрамы қазақ топырағына құт-береке,  молшылық әкелсін. 

Табиғат түлеп, жер жаһан жаңарып, күн мен түн теңелетін тамаша шақ – Ұлыстың ұлы күні баршаңызға баянды бақыт, көтеріңкі көңіл күй, сарқылмас күш-қуат сыйласын. Дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілеймін. Ұлыс оң болсын,  ақ мол болсын!

Құрметпен, Айгүл МҰҚАШЕВА,
“Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіптік одағы” ҚБ төрағасы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий