Silkway Халықаралық университетіндегі жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру – білікті маман қоғам сұранысы

“Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ”, – дейді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасымыз айтқандай «Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол білім! Ол еңбек! Ел болашағының баянды болмағы баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты», яғни бүгінгі білім беру саласының болашағы жастардың білімге деген құлшынысымен, білімнің тәжірибемен ұштасу мүмкіндігімен, ғылымға ұмтылуымен анықталады.

Сол себепті бүгінгі таңда оқу орындарындағы білім берудің сапасы мен деңгейіне үлкен талаптар қойылып отыр. Сол талаптарға сай келу үшін, креативті, сыни, аналитикалық ойлау қабылеті бар профессор-оқытушылар қауымын ынталандырып, оқыту мен тәжірибені үйлестірудің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдануды басты міндетіне айналдырған оқу орны ғана сапалы білім беріп, түлектерін толықтай жұмысқа орналасуына кепілдік бере алады. Тарихы 1992 жылдан басталатын Silkway Халықаралық университеті 29 жыл Тәуелсіз елімізге білікті мамандар даярлаумен айналысып келеді.

Қазіргі кезде университетіміздің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы 13 магистратура, 2 докторантура білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындауда. Магистратура және доктарантураға жоғары білімі бар Қазақстан азаматтарымен қатар шетел азаматтары да оқуға қабылданады. Silkway Халықаралық университетте 2006 жылы магистратура мамандықтары ашылғалы бері 2000-нан аса магистрант оқуын аяқтады. Олар республиканың білім беру ұйымдарында, мемлекеттік қызмет, бизнес-компаниялар мен заң салаларында қызмет етуде.

 

Магистратура білім беру бағдарламалары

1

7М011 Педагогика және психология

7M01103 – Педагогика және психология

2

7М013 Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау

7M01302 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

3

7М014  Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған педагогтарды даярлау

7М01420 – Кәсіптік оқыту педагогикасы

4

7М015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау 

7M01509 – Математика

7M01522 – Химия

7M01513 – Биология

5

7М017- Тіл және әдебиет бойынша педагогтар даярлау

7M01717 – Қазақ тілі мен әдебиеті

7M01718 –  Орыс тілі мен әдебиеті

7M01719 – Шетел тілі:екі шетел тілі

6

7М019 – Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау

7M01905 – Дефектология

7

7М023 Тілдер және әдебиет

7M02307 – Аударма ісі

8

7М042 Құқық

7М04201 – Құқықтану

9

7М041 Бизнес және басқару

7M04106 -Экономика

 

Докторантура білім беру бағдарламалары

1

8D011 Педагогика және психология

8D01103 – Педагогика және психология

2

8D013 Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау

8D01302 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

       

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының басты мақсаты — бәсекеге қабілетті маман даярлау. Осыған сай қазіргі жоғары білімнен кейінгі беру жүйесі белсенді, креативті, сыни, аналитикалық ойлау қабілеті бар, бұрын белгісіз мәселелерді шешуге, өзгерістерге тез бейімделуге және жаңа нәрсе жасауға қабілетті шығармашыл мамандарды дайындауға бағытталуы керек. Сондықтан жастар проблемаларды шешу дағдыларын, сыни тұрғыдан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді, эмоционалды интеллектті дамыту керек.

Сонымен қатар, ІТ сауаттылығы, ағылшын тілін білуі. Бұл білім беруді жаңаша ұйымдастыру — оның психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.  Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. Осы міндетті толығымен жүзеге асыруды Silkway Халықаралық университеті  басты мақсат етіп қойды. Университет ішінде жүзеге асырылып жатқан бұл ірі шаралар университеттің даму стратегиясының негізінде іске асырылады.

Оқу орнының ұзақ мерзімді даму жоспарының негізгі мақсаты білім беру, экономика, құқық салаларына бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз ету, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұнын әлемдік үрдіске қарай жаңашаландыру, ғылымның еліміздің индустриалды қажеттіліктеріне қосатын үлесін арттыру, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді дамытуда бүгінде атқарылып жатқан әрбір іс ел экономикасын көркейтуге үлес қосар жастардың игілігі үшін екені сөзсіз. Атап айтқанда, заманауи оқыту технологиясының озық үлгісіне айналған «Іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу институты” бар.

«Өмір туралы ғылым», «Түркология», «Математикалық және компьтерлік модельдеу», «Психологиялық-педагогикалық зерттеу», «Қазақстан-Ресей  құқықтық зерттеулер» 5 ғылым орталықтары, заманауи жабдықталған «SmartHub», арнайы жабдықталған аудиторияларда магистранттар мен докторанттарға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге барлық жағдай жасалған. Silkway Халықаралық университеттің үлкен жетістіктерінің бірі – қос диплом бағдарламасы.

Яғни осы бағдарламаны таңдаған магистрант, бірден екі елдің дипломын алып шыға алады. Бұл бағдарлама аясында Ресей Халықтар достығы университетітімен екі жақты тиімді келісімшарт жасасып, университет жастарына екіжақты білім алуға үлкен мүмкіндік жасап отыр. Сонымен қатар академиялық ұтқырлық бағдарламасы және шетелдік ғылыми тағлымдама бойынша 84 алыс және жақын елдердің университет, ғылыми-зерттеу орталықтарымен келісім-шарттар түзілген. 

Атап айтар болсақ Вильнюс университеті (Литва), Amity University Dubai (Дубай), University Putra Malaysia (Малайзия), Гази университеті (Түркия) және тағы да университеттерде тәжірибе жинақтауына үлкен мүмкіндіктері бар. PhD докторанттар мен магистранттарға сапалы білім беріп жатқан Оңтүстік өңірге емес бүкіл елімізге танымал ғалымдарымыздың еңбегі орасан. Атап айтар болсақ педагогика ғылымдарының докторы, профессор Молдабек Құлахмет, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Чариев Эргаш, экономика ғылымдарының докторы Құралбаева Алма Шораевна.

Және экономика ғылымдарының докторы, профессор Құрманбаев Серікбай ағамыз, психология ғылымдарының докторы, профессор Искакова Мира Садвакасовна, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Сәрсенбі Әбдіжаһан Манапұлы, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Ибрагимов Талғат және т.б. көптеген ғалымдарымыз білім беруде. Сондықтан университетте жасалып жатқан жаңа бастамаларды жүзеге асыру — осы сала қызметкерлеріне ортақ іс. Себебі ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, шәкірт талғамы үнемі өсуде.

Қай қоғамда болмасын шешуші фактор адам және жеке тұлға болып қала бермек. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарымызды, байлығымызды түгендеу, игеру, жас ұрпақ бойына игі қасиеттерді сіңіру — бүгінгі шәкірт тәрбиелеу жолында жүрген білім саласы мамандарының басты борышы.

Талғат Талапбекұлы ЗАУРБЕКОВ,
Silkway Халықаралық университетіндегі
ж
оғары оқу орнынан кейінгі білім беру
орталығының директоры

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий