“Silkway мен саяхат” жобасы жүзеге асырылуда

Silkway Халықаралық университетінің студенттері «Silkway мен саяхат» жобасы аясында Бәйдібек ауданы, Ақмешіт үңгіріне саяхат жасап қайтты. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, белсенді жастардың ынтасы мен қызығушылығы саяхаттың қызықты әрі әсерлі өтуіне себеп болды. Саяхаттың басты мақсаты – өңіріміздің киелі, тарихи мекендерін жастар арасында кеңінен насихаттау.

«Silkway мен саяхат» жобасы осы уақытқа дейін тек бейне түсірілім арқылы көрермен назарына ұсынылып келген болса, осы сәттен бастап студенттердің қатысуымен саяхат турлары арқылы жалғасатын болады. 


Бекзат ТӨЛЕБАЙ,
Silkway Халықаралық университетіндегі
т
әрбие ісі және жастар саясаты департаментінің
директоры міндетін атқарушы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий