Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы жыр жазды
Дулати Университетінің «Sanaly urpaq» жобалық фронт-офисінің жұмысына әртүрлі факультеттерінде оқитын студенттер атсалысуда. Олардың ішінде жас ғылымдар, құқықтанушылар, тапқырлар, санқырлы өнерлілері қанша, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Сондай белсенді жастарымыздың бірі өз шығармашылығымен танымал болып жүрген жас ақын – Шапағат Әбдір. Шапағат парасаттылықты насихаттау жұмысына өз үлесін қосып жүрген, ұйымның іс-шараларына әрдайым атсалысатын азаматтардың бірі. 2019 жылы «Парасаттылық дәрістері» курстарына қатысып сертификат алды.
2020 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен ұйымдастырылған «Мен жастарға сенемін» азаматтық-патриоттық форумының аясында өткен поэзия шығармалар байқауында «Шабыт» номинациясы бойынша үздік деп танылып арнайы сертификатпен марапатталды. Төменде жас ақын Шапағаттың әділдік, парасаттылық, шындық сынды адами қасиеттерге арналған өлеңін назарларыңызға ұсынамыз.
Саналы ұрпақ туралы…
Ер жігіттің артында халық тұрар,
Халық деген қашанда алып шынар.
Ұрпақтың санасына сіңген білім,
Ұлтының болашағын жарық қылар.
Жат ел қадамасын деп көзін, сұғын,
Отаныңның «жаным» деп сезін туын!
Бүгінгі саналы ұрпақ – саналы ұрпақ,
Ертеңін белгілейді өз ұлтының…
Әділдік
Өзіне алған адалдықты тамыр қып,
Хақ Ислам дінім және Тәңірлік.
Заң да, дау да, тіпті адамның тағдыры,
Барлығының бара жолы әділдік.
Ер жігіттің адал досы сабырлық,
Ал сабырлық адамға емес ауыр жүк.
Әділетсіздік ол сайтанның есімі,
Ал құдайдың бір атауы әділдік!
Бір біріне елді тұрар бауыр қып,
Бір ауырсақ әділдік деп ауырдық.
Мейірім де тіпті адамның құны жоқ,
Дүниеде жоқ болса егер ӘДІЛДІК!
Парасаттылық
Болашағына ұлтымның қарасақ күліп,
Қазақ баласы ержетер таласа ат мініп.
Аспан үстіне шығарады Тоқтар, Айдын қып,
Ат үстінен басталған парасаттылық.
Армандаған болса да күшті ақ мұратың,
Қарындашын жазды оны ұштап бір ақын.
Әділдік ақө ту деп білсек өз биігінде,
Парасаттылық дәл соны ұстап тұратын.
Сенім
Ал сенім деген халықты сендіре білу,
Еңбегіңмен сөзіңмен көндіре білу.
Сенімін елдің алғаның ер азаматым,
Жүрегіңнен шыққан жылытса, елді де жылу.
Сенім деген ол сенімін артқан халықты
алдамау,
Ұлтқа бөліп, рушыл бол салт
алдамау…
Халқыты алдасаң қара бетсің ғой ал
онан кейін,
Жүзіңді жарық қыла алмас жарық
қарғам-ау!
Загрузка...