ҚАЗҰУ qs stars “бес жұлдыз” басымдық белгісіне ие болды
Quacquarelli Symonds (QS) беделді халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары баға алып, «QS Stars Rating System» халықаралық рейтингісінде «Бес жұлдыз» жоғары марапатына ие болды. ҚазҰУ – «Бес жұлдыз» марапатына ие болған Орталық Азия аймағындағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.
Британдық QS компаниясы жүргізген аудит университеттерді төрт негізгі топ бойынша бағалайды, оның құрамына 50-ден астам көрсеткіштен тұратын 12 кіші топ кіреді. Бұл университет қызметінің кең ауқымдығын және оның жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестігін дәлелдейді. Аудитке қатысатын әрбір кіші топ бойынша ЖОО-на бір жұлдыздан бес жұлдызға дейін баға беріледі, одан кейін жалпы рейтингтік балл шығарылады.
Британдық QS компаниясының кешенді бағалау нәтижелері бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірқатар көрсеткіштерге, атап айтқанда – оқу процесі; жұмысқа орналасу мүмкіндігі; зерттеулер; интернационалдандыру; қызмет көрсету; өнер және мәдениет; инновация; заманауи тілдер бойынша өте жоғары балл алып, ең жоғары «Бес жұлдыз» марапатына ие болды.
QS «Бес жұлдыз» белгісін иелену әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-білім беру саласындағы халықаралық қауымдастықтарда беделі бар екендігін және жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігінде көшбасшылық позицияларды көрсетіп отырғанын білдіреді. Басымдылық жұлдыздары университеттің мықты тұстары мен артықшылықтарына назар аудартып, оның серіктестеріне, білім беру саласындағы халықаралық сарапшыларға, шетелдік, сондай-ақ отандық талапкерлерге оқуға түсу үшін ЖОО таңдау кезінде бағдар береді.
QS Stars жүйесі егжей-тегжейлі талдау жүргізу және ауқымы кең деректерді ұсыну арқылы, терең бағалауды қамтамасыз етеді. Мұндай аудит университетті басқа рейтингтерге қарағанда кеңірек және терең сараптап, тиісті бағасын алуға мүмкіндік береді. QS «Бес жұлдыз» марапатын алған ҚазҰУ өзінің білім беру бағдарламалары мен зерттеулерін ілгерілетудің, бәсекеге қабілеттілікті арттырудың тағы бір құралына қол жеткізді.
Айта кету керек, Орталық Азия елдері мен Қазақстанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан басқа QS Stars-тің бес жұлдызын бірде-бір университет алмаған. QS Stars «Бес жұлдыз» марапаты бүкіл әлем бойынша тек 62 ЖОО ғана берілген, олардың ішінде QS WUR халықаралық жаһандық рейтингінің әлемдік үздік топ-5, топ-10 және топ-20 қатарына кіретін Гарвард, Оксфорд, Кембридж, Чикаго, Принстон, Колумбия университеттері бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымын QS Stars Rating System халықаралық рейтингісінде «5 stars» жоғары марапатын алуымен құттықтаймыз!
Загрузка...