Бауыржан Саутбаевқа “Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” атағы берілді

№ 23 Қостанай орта мектебінің директоры Сауытбаев Бауыржан Шәкіржанұлының адал еңбегі мен педагогикалық қызметіндегі еңбегі, жылдың басты оқиғасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы  қарсаңында жоғары бағаланды, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Педагогтың аса көрнекті жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін еліміздің тарихында алғаш рет 25 педагогқа «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Бауыржан Шәкіржанұлын лайықты атағымен құттықтады. Тарих пәнінің мұғалімі Бауыржан Шәкіржанұлы қырық екі жылын білім беру саласына арнаған, соңғы 22 жылда № 23 орта мектепте жұмыс істеген.

Оның басшылығымен мектеп оқушылардың дарындылығын жан-жақты дамыту үшін сәтті жұмыс істеп келеді.  Түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеудің тұрақты жоғары нәтижелерін көрсетуде, жыл сайын оқушылар Республикалық ғылыми олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жүлдегерлері атануда. Мектептің волейбол командасы, «Тарлан» хореографиялық ұжымы, жас аниматорлар мен режиссерлері бүкіл елге танымал.

Тәжірибелі педагог, талантты директор, тік мінезді және әділ басшы – бұның барлығы Бауыржан Шәкіржанұлы туралы айтылған. «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы педагогикалық кәсіптің беделін көтеруге бағытталған және «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293 Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес беріледі. «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болған педагог 1000 еселенген АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алатын болады. Бауыржан Шәкіржанұлын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, оған табыс тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий