Маңғыстаулық оқушылар эко-роботтарды құрастырды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ авторлық жобаларының бірі Х Наурыз кездесулерінде маңғыстаулық бір топ оқушы роботтарды 3D-принтерде модельдеп, оны басып шығаруды үйренді. Дәстүрлі шара биыл «Планета және пластик: адамзат өркениеті» тақырыбында ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Наурыз кездесулері карантин талаптарына байланысты биыл онлайн ұйымдастырылып, қатысушылар санын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Өзге жылдардан айырмашылығы биыл шараға облыстағы жалпы білім беру мектептерінің оқушыларын қатыстырып, олардың қабілеттерін шыңдауға күш салуы, – дейді мектеп директорының орынбасары Лаура Байтокаева. 

Кездесу барысында оқушылар танымал экология саласында еңбек сіңіріп жүрген танымал профессор, қайраткерлермен бірге өткен вебинарларға қатысып, модельдеу бағдарламаларын меңгерді. Ал кездесудің үшінші күні 3D принтермен жұмыс істеуді үйреніп, қоқыс сорттаушы манипулятор жасап шығарды.

– Қазіргі таңда пластикті сорттау мәселесі өте өзекті орында екендігін Наурыз кездесулерінен білдім. Себебі, біздерге дәріс өткізген қайраткерлер көптеген пайдалы мәліметтермен бөлісіп, SolidWorks бағдарламасында модельдеуді үйретті. Осындай мол пайдалы мәліметті терең әрі тегін меңгеру мүмкіндігі қуантады, – дейді шараға қатысқан Мұнайлы ауданындағы №5 орта мектебінің оқушысы Ақтолқын Елдашбекова.

Оқушылар  манипуляторға қажетті жабдықтарды толықтай 3D принтерде басып шығарып оны Arduino платформасында бағдарламалады. Кездесудің үшінші күні ерекше қызықты болды. Өйткені біз теориялық түрде бағдарламаған жұмысымызды іс жүзінде жасап көрдік. Нәтижесінде манипуляторымызды іске қостық. Бізге көмектескен зияткерлік мектеп ұстаздарына алғыс білдіреміз, – дейді зияткерлік мектептің оқушысы Рахат Абатов.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий