Буллингтің адам өміріне әсері? Буллингтің алдын – алу шаралары

Көптеген зерттеушілердің айтуы бойынша мектептегі зомбылық қай уақытта болмасын кездесетін үлкен мәселелердің бірі. Кейбір оқушылар қасындағы адамдарды кемсітіп, күліп, олар жайлы қауесет әңгімелер таратып, өздерінің зомбылыққа ат салысып жатқандарын байқамай қалулары да мүмкін.  Буллинг – дегеніміз, психологиялық қысым көрсету, ұрып соғу, бір адамның немесе топтың зорлық көрсетуі. Мысқылдау мен намысқа тиетін қалжындау әсері жағынан төмен болғандықтан, моббинг деп аталады.

Негізгі белгілері: жәбірленуші мен жәбір көрсетуші арасындағы күштердің тең келмеуі; қысым мен зомбылықтың қайталануы; жәбірленуші көңіл күйіне келтіретін әсері. Сыныптастар тарапынан намысқа тиетін сөздерді айту, жала жабу мен ақша талап ету әлеуметтік жағынан тәртібі әлсіз қоғамда кездесетін жағдайлар. Қолдау мен түсініспеушілікке зәру балалар, адамның қадір қасиетіне мән берілмейтін ортада буллинг жиі кездеседі.  

Жәбірленуші. Буллинг зардабына кез келген оқушы ұшырауы мүмкін, әсіресе өзгеше киінетін, не болмаса киім үлгісіне мән бермей, алақ жұлақ жүретін оқушылар, толық келген немесе тым арық оқушылар ұшырауы мүмкін. Сонымен қатар өте сезімтал, ұстаздардың қолдауына ие, үлкендердің сөздерін сөйлейтін оқушылар да буллингтен жәбір көрулері мүмкін. Сыныпқа жаңа келген оқушылар.

Жәбірлеушілер мен буллерлер. Буллерлер көбінесе «жоқ» деген жауапты қабылдауды үйренбеген, еш нәрседен тыйым көрмей өскен, ата аналарының сөзіне құлақ аспай өскен  балалар болуы мүмкін. Үлкендер тарапынан қолдауды аса қажет ететін оқушылар. Бұл оқушылар барлық назардың тек өздерінде болғанын қалайды. Бұл оқушылардың өздеріне деген сенімдері төмен болғандықтан, басқа оқушыларды мәжбүрлеу арқылы өзіне деген сенімді көтеру, қысым көрсету арқылы өзгелерге дәлелдеу. Бұл оқушылар қоршаған ортадағы адамдардан сүйіспеншілікті қажетсінеді.

Буллингтің адам өміріне тигізетін әсері. Буллинг әсерінен болған зиянды келесідей топтарға жіктейміз: психологиялық, әлеуметтік, физиологиялық – күйзеліс пен эмоционалды қажу; өзіне деген сенімнің төмен болуы; сабақ үлгерімінің нашарлауы; икемді дағдылары (креативті ойлау, логикалық ойлау, шығармашылық ойлау және тағы да басқалар) дұрыс қалыптаспайды, ол балалардың қоршаған ортадағы адамдармен тіл табысуы бәсендеу себебінен көптеген қиыншылықтар кездеседі, оқушылар өз эмоцияларымен, сезімдерімен бөлісе алмайды.

Эмоционалды зиятының нашар дамуы, өз күшіне деген сенімсіздік; физиологиялық дене бітімінің өзгерісі (булимия, қатты толу); адам ағзасы жұмысының төмендеуі (психосоматикалық және де аутоиммунды аурулардың пайда болу қаупі); бас аурулары, ұйқының қашуы, жиі қайталанатын іш аурулары, тмазасыздану, қатты уайымдау, тәбеттің бұзылуы; психологиялық ақаулар, кек алуды ойлау. 

Буллингтің алдын алу алғышарттары. Буллингтің белгілері байқалған кезде, ең бастысы оның бар екенін мойындау. Жоққа шығарып, көңіл аудармай қанен қаперсіз жүруге болмайды. Мәжбүрлеуді елемеген жағдайда асқындырып алу қаупі бар. Мұғалімдердің к-пшілігі мен сабақ берген ортада буллингтің болуы мүмкін емес деп, өз атақ абыройын ойлап, жасыруға тырысқан жағдайлар да кездеседі. Өздеріне жүктелген міндетті атқара адмадым деп қынжылады, алайда шешімін табуға жол іздеу ұстаз жұмысының ең жоғары белесі екендігін ұмытпауымыз қажет.

Оқушылардың  бойында эмоционалды зият деңгейін барынша көтеруге тырысқан жөн, өзара жағымды қарым қатынас құруға тәрбиелеу қажет. Әр адамның жеке тұлға екендігін басты орынға қойып, кез келген адамның өзі ұалағандай киінуге, көрінуге құқы бар екендігін алдыға тарту. Сынып ішіндегі өзара құрмет өте маңызды, оқушылар сыныпта өздерін еркін әрі батыл сезінгендері жөн, ал оқытушы болса әрдайым қолдап, қолпаштап, өз тарапынан ұрыс керісті болдырмағаны жөн. Әр оқушының сөзіне құлақ асып, қарым қатынаста тоталитаризм стилінен аулақ болуы қажет.  

Нақты әрекеттерге тоқталсақ: жалпыға ортақ ережелерді бекітіп, барлығын сол ережелерді ұстануын қамтамасыз ету; барлық оқушыларды назарда ұстау; жағдайдың шиеленісуін болдырмай, алдын алу шараларын ойластыру; топтық кездесулер мен талқылаулар өткізіп отыру, ортақ мақсаттар құру және оларға қол жеткізу бойынша жоспар жасау, ортақ қызығушылықтар мен ойындар өткізу арқылы сынып оқушыларын біріктіру.

Егер мәселе орын алған жағдайдағы әрекеттеріңіз: жағдай өзінен өзі аяқталады деп жүре беруге болмайды, бірден мәселені анықтап, тыйым салып, мәселенін мән-жайын анықтау қажет; үнсіз қалмаңыз, басқа оқушыларды, ата-аналарды, тьюторларды, әкімшілікті құлағдар етіп, мәселені шешу бойынша жоспар құрыңыз. Топ мүшелерінен олардық қалдарын сұрап отыру, неге қол жеткізе алдыңыздар? қандай қиыншылықтар бар? және сіздің тарапыңыздаң қандай көмеккке зәру? іспеттес сұрақтарды қою. Жағымды өзгешіліктер болса тоқталып, қолпаштау.

Мәселенің ең шиеленіскен жағдайындағы жалғыз амал ол жәбірленуші мен жәбір көруші адамдарды алыстату, не болмаса мектепті ауыстыру, алайда сіздер қолдарыңыздан келген әрекетті жасап, бұл жағдайға жетпейсіздер деген сенімдеміз. Пайдаланылған әдебиет: орта білім беретін мектептерде қысым көрсету мен зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша UNISEF бағдарламасы.  2007 жыл. 

Ақлима СЕКСЕНБАЕВА,
Зарина ДАУЛЕТОВА,
Семей қаласындағы физика – математика
бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің
педагог ұйымдастырушы кураторлары

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий