Әзірбайжан елінің бас консулы зияткерлік мектеппен танысты

Наурыз мерекесі қарсаңында Ақтау қаласындағы Назарабев Зияткерлік мектебіне Әзірбайжан елінің Ақтаудағы Бас консулдығының басшысы Эльмар Мамедов келді. Ол өңірдегі үзік оқу орнымен танысып, бүкіл түркі әлемін Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Ақтаулық зияткерлер бас консулға кампус-тур ұйымдастырып, білім ордасының ерекшеліктері туралы баяндады. Кейін мектеп әкімшілігімен дөңгелек үстел өткізіліп, болашақ жоспарлар талқыланды. – Қазақстанның білім саласын дамытуға, жастарға білім беруде тыңғылықты жұмыстар атқарып келеді. “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ әлемде теңдесі жоқ, озық жүйелердің бірі. Каспий жағалауындағы Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебі туралы бұрыннан еститінмін. Бүгін оқу орнымен жіті танысқаныма қуаныштымын. Әзірбайжан елінің оқу орындарымен бірлесе жұмыс жасауға көмектесуде біздің консулдықтың қызығушылығы жоғары, – деді Эльмар Мамедов.

Кездесу барысында мектеп басшылығы оқу орнының артықшылықтары мен танымдық жобаларын таныстырды. Ал биыл халықаралық деңгейде өтіп жатқан «Caspian Startup -2021» жобасына Әзірбайжаннан қызығушылық жоғары екендігі айтылып, бұл бағытта бірқатар жұмыстар жүргізілетін болды. Әсерлі кездесу барысында бас консул Әзірбайжан елінің тарихи жәдігері саналатын кілемдері туралы сыр шертетін «Азербайджанские ковры: Иреванская группа» кітабын мектеп кітапханасына сыйға тартып, ұлық мерекемен құттықтады.

Наурыз мерекесі бүкіл түркі халықтарына ортақ мереке. Әзірбайжанда бұл мейрамды тоғыз күн тойлайды және салт-дәстүрлеріміздің қазақ халқымен ұқсастығы көп. Сондықтан бұл мейрамды бізге таңсық дей алмаймын. Барша қазақстандықтарды құттықтай отырып, береке-бірлік, ынтымақтастық тілеймін, – деді Эльмар Мамедов отырыс кезінде.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий