Ақтөбе – НЗМ: Танымал би тобының кезекті жеңісі

Әлем жұртын ұлттық биімізбен тәнті еткен «Нұр Шашу» үлгілі би ансамблі халықаралық байқаудың жүлделі үшінші орнын иеленді. «РОЗА ВЕТРОВ 2021» деп аталған өнер сайысында 14 мемлекеттен 1800-ге жуық талант иесі бақ сынасқан. Нәтижесінде Ақтөбедегі NIS өнерпаздары бәсекелестерінен оқ бойы озып шығып, кезекті жетістігімен қуантты, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Біз байқауда «Батырлар» биін орындадық, бұл қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен тұрмысын суреттейтін ерекше туынды. Бос уақытымызда дайындалып, оны таспаладық. Жетекшілеріміз Зердегүл Зейнуллақызы мен Гүлбадан Саламатқызының арқасында көптеген жарыстарға қатысып, білімімізбен қатар, шығармашылығымызды дамытып келеміз, – дейді қатысушылар.

Қашықтан өткен халықаралық байқау Ресей Федерациясы Президентінің азаматтық қоғамды дамытуға арналған гранты аясында ұйымдастырылған. «Нұр шашу» би ансамблінің Қазақстан атынан қатысуына мұрындық болған  – Каспий құбыр консорциумы акционерлік қоғамы. Бүгінде өнерпаз оқушылардан құралған ұжым дүбірлі додаларда топ жарып келеді. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Зердегүл Үркімбаеваның айтуынша, жетістікке жету үшін алдымен ауызбіршілік мол болуы керек.

Пандемия жарияланғалы барлық байқаулар онлайн форматқа көшті, бұл, әрине, бізді жаңашылдыққа алып келді. Көрерменмен қашықтан байланысып, өнерсүйер қауымға биді жеткізе білу оңай емес. Қыздарымыз артылған жауапкершілікті абыроймен алып шықты. Алда бізді әлі талай жеңістер күтіп тұр деп сеніммен айта аламын, – дейді Зердегүл Зейнуллақызы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий