Павлодар – НЗМ: “Серке тарту” ойыны бойынша турнир
Ойын бір минут уақыт ішінде бес литр ыдысқа құйылған суды жасанды ат үстінде отырып, төменнен жоғарыға көтеру арқылы өткізілді. Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстурін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатпен «Серке тарту» ойыны мектептің қабырғаларында бірінші рет ұйымдастырған. Қатысушылардың бірі – 10-сынып оқушысы Асхат Камзин. Оның айтуынша, “бұл ойын туралы бұрын тек әдебиеттерде естігенмін, ал қазір оны шын өмірде ойнап көру – ол ерекше сезім”, – дейді осы білім ордасының баспасөз қызметі.
Ойыны өзі көкпарға ұқсас – оқушылар жасанды ат үстінде отырып, жаттығуларды істеген болатын. “Бұл жылқының макетін біз картон қорабынан жасадық – PaperCraft деген техника бойынша жасалған нәрсе”, – дейді өнер пәнінің мұғалімі Дархан Ахметов. “Серке туралы айтатын болсақ, бес литрлік шөлмекті сыртын ескі тонмен орап, серкеге ұқсас болатындай жасадық”. Айта кету керек, бұл ойынның тағы бір маңызды мақсаты – мектеп оқушыларын қалыпты түрде дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға тарту.
Жарыс 10-11 сыныптар арасында өтті – әр шаңырақтан екі ер бала ойыншылары қатысты. Нәтижелері бойынша, «Өркен» шаңырағы бірінші орынға ие болды – Мансур Файзула мен Әдият Хамза бір минут ішінде бес литр ыдысты 128 рет көтеріп алды. Жүлделі екінші орын алған – 125 ұпай алған «Алау» шаңырағының мүшелері Жасулан Баймышев пен Таир Тусупхан. «Ақ Орда» шаңырағынан Альнур Дюсимбинов пен Алишер Шакишев, 117 ұпай алып, үшінші орынға ие болған. Дене шыңықтыру пәнінің мұғалімдердің айтуынша, бұл жарыс биылдан бастап дәстүрлі түрде өтетін болады.