Павлодар облысы: Тәрбиеленушілер әлеуметтік Start-up-ты іске асыруда

Павлодар қаласының отбасылық үлгідегі балалар ауылында («Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар филиалының «Рухани жаңғыру» педагогикалық мағыналар аймағы» жобасының инновациялық алаңы) арнайы мектеп-интернаттардың, балалар үйлерінің басшылары мен педагогтеріне арналған «Start-up-ты жүзеге асыру аясында тәрбиеленушілердің азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру» тақырыбында облыстық онлайн-семинар ұйымдастырылды. 

Семинардың мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының идеяларын жүзеге асыру аясында тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша; тәрбиеленушілерді әлеуметтік стартаптарды іске асыру қызметіне қосу арқылы патриотизм мен азаматтық белсенділікті қалыптастыру бойынша педагогикалық ұжымның жұмыс тәжірибесін тарату.

Семинарға «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ» бас маманы Алия Жунусова, Павлодар облысының білім беруді дамытудың Инновациялық орталығының өкілдері, интернат мекемелерінің басшылары мен педагогтері қатысты. Алия Жунусова өз сөзінде Қазақстан Республикасындағы білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасының негізгі мәселелерін атап айтты. Балалар ауылының басшысы Г. Каримова балалар мен жасөспірімдерді «Рухани жаңғыру» құндылықтарына тәрбиелеу бойынша педагогикалық ұжымның жұмыс тәжірибесін ұсынды.

Ол тәрбиеленушілерде әлемнің тұтас көрінісін қалыптастыру, өзін – өзі дамытуға және өзін-өзі тәрбиелеуге дайын болу, берік азаматтық ұстанымды, жеке адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу, табысты әлеуметтену – бұлар балалар ауылы тәрбиеленушілерінің жеке тұлғасын тәрбиелеу моделінің құрамдас аспектілеріне кеңінен тоқталды. Балалар ауылының педагогтері түрлі бағыттардағы: «Көнілді қоқыс – Funrecycling – Веселье для мусора», «Көмектес – Help – Помоги», «Жасыл жапырақ- Greenleaf – Зеленый лист», «Кітап өмірі-Bookislife-Жизнькниги», «Қаржы – Finans – Финансы», «Женіс – Victory – Победа», «Аяулы алақан – Caringhand – Заботливые руки» әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша шеберлік-сыныптарын көрсетті.

Педагогтер тәрбиеленушілердің дербес өмірге дайындықта табысты әлеуметтенуінің құралы болып табылатын, тәрбиеленушілердің жобалармен жұмыс істеуге белсенді қатысуы, олардың қызығушылығы, ынтасы мен нәтижелілігі, балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік белсенділік, ұтқырлық, бастамашылдық көрсетуге, өзінің маңыздылығын сезінуге, одан әрі мамандық таңдау үшін мүмкіндіктер ашуға, азаматтық позицияны анықтауға мүмкіндік барын жеткізді. 

Басқосуға қатысушылар семинардың практикалық бағыттылығын, өз тәжірибесін әріптестерінің тәжірибесімен салыстыру, әдістемелік қоржынды инновациялық идеялармен және жұмыстың қызықты түрлерімен толықтыру мүмкіндіктерін ортаға салды. Мазмұнды шара үшін алғыстарын білдіріп, балалар ауылының барлық ұжымына жаңа шығармашылық жетістіктер тіледі.

Алия ЖУНУСОВА,
“Өрлеу” БАҰО” АҚ Павлодар филиалының
мұражай ісінің бас маманы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий