Асыл Жанұзақ: Жастар жобасына қатысу үшін көп күш пен жігер жұмсадым

Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Асыл Жанұзақ – «Елбасы медалі» жобасының қола медаль иегері. Алты ай бойы жеті бағыт бойынша тапсырма орындап, білім мен шеберлігін жетілдірген Асылдың еңбегі еленді! «Елбасы медалі» жас буынды жан-жақты дамытуды көздейтін ұлттық деңгейдегі бірегей бағдарлама. Ол жеті негізгі бағыттан тұрады: спортпен шұғылдану, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Жоба 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

– Елбасы медалінің жүлдегері атанғанымды білгенде қатты қуандым. Мен бұл бағдарламаға жарты жыл уақытымды, көп күш-жігерімді жұмсадым. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба Қазақстанның көп универіне грантқа түсуге мүмкіндік береді. Оған қоса, 7 бағыт бойынша көп қасиетім мен қарым қабылетімді жетілдіре білдім,- дейді Асыл Жанұзақ.

Бұл күндері республика бойынша қола деңгейіне қатысушыларды «Елбасы медалімен» марапаттауға арналған салтанатты іс-шаралар өтуде. Алматы облысынан «Елбасы медалі» жобасына 374 оқушы қатысқан. Аталмыш шара жастарға салауатты өмір салтын ұстануға, мақсат қойып, оған жүйелі түрде қол жеткізуге және үнемі өзін-өзі дамытуға үйретеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий