Шымкент – НЗМ: Халықаралық шығармашылық өнер байқауының үш бас жүлдесі

«Silk Way Grand Festival of talents» халықаралық шығармашылық өнер байқауында Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS үш Гран-приге ие болды. Оның екеуін мектептің би ұжымдары алды: «JetSet Elites» командасы хип-хоп стиліндегі заманауи хореографияны ұсынса, «Ай-Ару» ансамблі жұптық би байқауына қатысты, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

– Мен үшін би – бұл өзіңе, тұла бойыңа деген сүйіспеншілік пен қамқорлық, эйфория, қалықтау сезімі. Би әрқашанда мен үшін қуат көзі. Жаңа, өзіме беймәлім биді көрген сайын, оны үйренуге асықпын. Өмірден көрген-түйгенім аз болғанымен, би әрдайым жанымда, − деп бөлісті «Ай-Ару» ұжымының мүшесі Бөрте Құрбанбай.  Мектептегі «NIS Dance Family» би үйірмесі − 2013 жылдан бері дайындық пен жаттығулар, республикалық және халықаралық деңгейдегі түрлі фестивальдарға қатысу есебінен тәжірибе жинақтап, биік тұғырдың шыңына қарай өрлеп келе жатқан үлкен отбасы.

«NIS Dance Family» үйірмесінің жетекшісі, заманауи би бойынша хореограф Арман Ибраимов қыздардың жеңісіне күмәнданбағанын айтты: − Жеңіске деген сенімділікке ие болу үшін бар күшің мен уақытыңды аямай, ештеңеге қарамастан рухыңды түсірмеу керек. Бұл «JetSet Elite» командасының әр мүшесінде табылатын қасиет. «NIS Dance Family» қоржынында «Kazakhstan Summer Art&Dance Game» республикалық фестивалінің екі Гран-приі, Бірінші Халықаралық балалар-жасөспірімдер және ересектер арасындағы «Golden Star of Kazakhstan» байқауының Гран-приі, «Jan Juregim Kazakhstan» халықаралық фестивалінің Гран-приі бар. Бұл мектеп ансамблі 12-сынып түлектерінен құралған.

«The Silk Way Grand Festival of Talents» ІІ халықаралық өнер фестиваліне шақырту келгенде, бұл мектеп ансамблі жеңістерінің соңғы нүктесін қоюға жақсы мүмкіндік деп шештік. Нәтижесінде Ресей мен Қазақстаннан келген қарсыластардың озық шықтық, Дарынды жастар байқауының үшінші бас жүлдесін Шыңғыс Ерлер сыйлады. Ол байқауға саздан құмыра жасау тәсілін ұсынған болатын. Қыш құмыраның жасау өнері – бағзы заманнан келе жатқан ата-баба дәстүрі және оның келер ұрпақтың жалғастыруы қуантады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий