“Қасиетті домбыра” байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысы білім басқармасы, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» ҚБ және «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығымен бірлесе «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында домбыра күніне арналған облыстық «Қасиетті домбыра» сырттай байқауын ұйымдастырды, – деп хабарлайды жергілікті салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Байқау қазақтың өнерін өскелең ұрпаққа, өнер сүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттауға, жас таланттар мен шебер орындаушыларды табуға және қолдауға бағытталған. Байқауға Ақкөл, Астрахан, Аршалы, Бұланды, Бурабай, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Есіл, Ерейментау, Целиноград, Қорғалжын аудандарынан, Степногорск, Көкшетау қалалары және облыстық мектеп-интернат оқушыларымен қоса алғанда жалпы саны 45 оқушы қатысты. Әділқазылар алқасының құрамында Біржан сал атындағы музыкалық колледж директоры Мұхамедияр Саян Болатұлы, Сарсенбай Шыңғыс Кенжеғалиұлы және Мукушева Жулдыз Маратовна.

Байқау «Үздік күйші», «Үздік дәстүрлі әнші», «Үздік термеші» үш номинациядан екі жас санаты бойынша өткізілді. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша: «Үздік күйші» номинациясының жеңімпазы – Серікбаев Мадияр, Ақкөл ауданы; «Үздік дәстүрлі әнші» номинациясының жеңімпазы -Кабиденов Дидар, Степногорск қаласы; «Үздік термеші» номинациясының жеңімпазы – Қазымбек Ұлан, Жақсы ауданы.

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша қосымша номинация иегерлері анықталды. Олар: «Шабыт» номинациясының Турсанхан Арсен, Зеренді ауданы; «Жігер» номинациясының Алпысбаева Жанерке, Аршалы ауданы; «Өрлеу» номинациясының Жабай Жанбота, Степногорск қаласы, «Болашақ» ДБАОММИ №4; Жеңімпаздар бағалы сыйлық және дипломмен марапатталды. Барлық қатысушыларға сыйға сертификат таратылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий