Күй құдіреті керемет

Домбыра мұнша  шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін,
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе. асым ақын Аманжолов). Қазақ ән десе, күй десе ішкен асын жерге қойған дархан халық қой. Қазақ ән десе, күй десе ішкен асын жерге қойған дархан халық қой. Ел аралап күнімен-түнімен ән айтып, талай таңды таңға ұрып тоқтаусыз термелеткен бабаларымыздың болғаны да сізбен бізге мәлім.

Күй дегеніміз не? Күй – домбыра және басқа аспаптарда халық аспаптарында орындалатын музыкалық шығарма. Қасиетті қара домбыраның перне көмейінен періштенің лебізіндей үн төккен  ұлы халықтың ұрпағымыз біз. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй-ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде-кем болған.

Қазақ халқының біздің дәуірімізге дейін сақталып қалған асыл мұрасы – күй өнері. Өткен ғасырларда нота сауаты жоқ кезде дүниеге келген ән-күйлер өмірмен бірге қайнап, ауыздан-ауызға, қолдан-қолға көшіп біздің заманымызға жетті. Қазақ халқы өзінің көңіл-күйі мен арманын, қоғамға деген көзқарасын домбыраның қос ішегі арқылы жеткізе білді. Суырып салма ақындар мен бармағынан бал тамған күйшілер арқылы бізге жеткен назды әндер, ғажайып күйлер халқымыздың музыка мұрасы ғана емес, мәдени байлыға, рухани азығы болып отыр.

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығындағы жетінші «Б» орыс сыныбына қазақ тілі мен әдебиет пәнінен «Күй құдіреті» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабақтың мақсаты: қазақ халқының негізгі ұлттық аспабы-домбыраның құдіреті туралы түсінік беру, оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, өз ойын еркін жеткізуге жетелеу, сөздік қорын байыту, ұлттық өнерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылар «Домбыра» және «Қобыз» деген екі топқа бөлінді.

Сабақ барысында мына әдіс-тәсілдерді «Миға шабуыл» – кроссворд шешу,  «Болжау» – шашылған буындарды алфавит ретінде тауып, сабақтың тақырыбын анықтау, «Жұбыңды тап» сөйлемдердің жалғасын табу, мәтімен жұмыс «Күй атасы – Құрманғазы Сағырбайұлы»  мен «күй анасы – Дина Нұрпеисова» туралы мәтіндер оқып, оған постер құрастырып және қорытынды ретінде осы екі мәтінді «Вен диаграммасы» арқылы салыстыру жасалды. Сабақ қорытындысы ретінде «Табыс баспалдағы» әдісі бойынша рефлексия жүргізілді. Сабақ балалардың көңілінен шықты.

Осы сабақта атақты күйші Құрманғазының «Адай» күйін Бұланды аудананан келген Ильясова Сабина орындап берді, «Ақсақ құлан» күйін мультфильм арқылы тыңдады. «Домбыра -тәрбиенің» құралы демекші, домбыраны бүгінгі сабақпен байланыстырдым. Домбыраның екі шегі, құлақ күйі, пернелері болады. Жалпы макеті, домбыраның өзі-білім мен тәрбие беріп отырған мектеп. Екі шегі – бір-бірімен тығыз байланысты пән – қазақ тілі мен әдебиеті. Тиегі – оқушы. Құлақ күйі – бағыт беруші, жол сілтеуші, «құлақ күйін бұраушы» – мұғалім. Домбыра – тәрбиенің құралы. 

Иә, күй – құдірет, күй – ұран. Күй – қазақтың жаны. Күй қазақтың елдігін, көңілінің кеңдігін білдіреді. Күй туралы әңгімені былай түйіндегім келеді. Күйдің құдіреттілігі жөнінде ақын Ілияс Жансүгіров былай деп жырлаған: 
Тайпалап жорға болып салдырған күй,
Мейірін тыңдағанның қандырған күй.
Тартқанда зарылдатып,сұңқылдатып
Аққуды аспандағы қондырған күй – деп күйдің мазмұны мен сырын терең бағалай біліп, поэзия тілімен шебер суреттеген.

Осынау ұлық өнер жайында «Күй» және «Күйші» деген ғажап екі дастан жазған қазақ жырының құлагері Ілияс Жансүгіров қажыған көңіл қамын, жүрек жанын домбырадағы тартқан қазақтың күйші шалын әлемнің әуеніне бермес едім деп тебіреніп толғанады. Алда да қазақтың күй өнерін осы Ілекеңдерше, Ахаңдарша, Мұхаңдарша қастерлейісекші!.. 

Гульнара Зейнулловна ДАУЛЕНОВА,
“Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру
орталығының қазақ тілі мен әдебиет пәні
мұғалімі, жоғары санатты, педагог-зерттеуші

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий