М.Мақатаев оқулары облыстық кезеңінің үздіктері марапатталды

Мұқағали Мақатаев оқулары облыстық білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» базасында ақиық ақынның тоқсан жылдығына орай 7-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы жергілікті салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту. Оқушылар арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау. Байқауға облыс бойынша он бес аудан мен Степногорск қаласы және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарынан барлығы 53 оқушы қатысты. М.Мақатаев оқулары үш оминация бойынша өткізілді. «Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясында оқушылар М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқыды.

«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» номинациясында қатысушы өз шығармашылығының жинағын ұсынды және өз туындысын жатқа оқыды. Ал үшінші «Сыр сандықты ашып қара, Ашып қара сырласым» номинациясында үміткер берілген Мұқағали өлеңдерінің шумақтары бойынша тақырыптың мазмұны мен идеясына қарай талдады. Байқау қорытындысы бойынша 1 орын – 3 оқушы, 2 орын – 6 оқушы, 3 орынды 9 оқушы иеленді. Оған қоса 6 оқушы грамотаға ие болды. Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары және грамоталарымен марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий